СОҢҒЫ ХАТ...... Ия білем мұның бәрін оқымайтын шығарсыз, бірақ сонда

| просмотров: 2488
СОҢҒЫ ХАТ...... 
Ия білем мұның бәрін оқымайтын шығарсыз, бі

СОҢҒЫ ХАТ...... Ия білем мұның бәрін оқымайтын шығарсыз, бірақ сонда да жазғым келді ( себебі сөнбеген үміт қой, мүмкін оқып қалар деген.. Бірақ сізге маңызды емес қой.. ештеңе етпейді... бұл менің сізге жазған ең соңғы хатым ) ... Басында бәрі тамаша еді ғой, бәрі қызыға, қызғана қарайтын...Таныстығымыздың өзі қызық басталып еді ғой... Сен менің қалауымсың, сенімен болашақ құрғым келеді деп айтатынсыз.. Сол бір жанды ұмыттырамын, маған мүмкін берші дегенсіз.. Ия сіз оны ұмыттырдыңыз, орнын бастыңыз... Мен сол кездері бақытты едім, өмірге жаңа келгендей күйде, алаңсыз сізге сендім, сізге деген сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмайтын едім.Менің сөнген үмітімді қайта жағып, өмірге деген құштарлығымды оятқан едіңіз...Бірақ сол бақытты сәттер ұзаққа созылмады...Кім ойлаған дәл бұлай қысқа болады деп.. өкінішті... Білесіз бе? Қызығы вконтакте те желісінде мен сіз жайлы бәрін біліп отыратынмын:кімге лайк басқаныңызды, қай жерге қандай комментарий жазғаныңызды, кімді өшіріп, кімді қосқаныңызды, тіпті сіздің страницаңызға кімнің көп кіретінін бәрін-бәрін біліп отыратынмын... Ияяя мен қатты қызғаншақпын.. Сол үшін бәрін бақылап отыратын едім...Барлығын білсемде үндемедім.. себебі сенген едім.. ӨКІНІШТІ.... Жаңа танысқан қыздарға сүйгенім бар деп айта алмадыңыз,есіңізде ме? қанша қызға солай айттыңыз екен?? айтыңызшы неге олай жасадыңыз?? Сонда маған деген титтей де сезім болмағаны ма?.. есіңізде ме.. Бәрі сол өзіңізді танысу бекетіне шығарған күннен басталды... Сол посттан кейін ол сізбен танысу үшін достық жіберді... Сіз күдікпен менен "құрбың ба?" деп сұрап.. Мен жоқ деген соң онымен танысып.. номерін алып, маған бөлетін уақытыңызды соған бөліп, маған ухтаймын деп сонымен сөйлесіп, кездесіп, маған қалай айтарыңызды білмей қашып жүрдіңіз.. бұрынғыдай көп сөйлеспейтінбіз.. арада уақыт өтіп жатты менің сізге деген махаббатым сіз менен алыстаған сайын, күн сайын арта түсті... бірақ Сіз оны білмедіңіз, ойыңызда мүлдем басқа адам болды мені мүлде ұмытып кеттіңіз.... мен оны Білмедім.. сізге сендім ғой... НЕГЕ ертерек айтпадыңыз.... Қазір бұлай қиналып хат жазбайтын едім... жыламайтын едім... Ренжімейтін едім ғой.... Өзіңіз білетіндей мен үшін ар-ұят, намыс, отбасы маңызды...Бірақ Намысымды жинап тұрып мен өз махаббатымның алдындағы парызымды өтедім.. қыз басыммен алдыңызға бардым (әдетте бақыты бейнеде, күлімдеп баратынмын.. бұл жолы жылап бардым, соңғы рет көру үшін).. Ешқашан олай өзгенің алдында төмендеп, көз жасымды көрсеткен емеспін...сізге деген махаббатым мен сіз құрметтемеген сезімім үшін осылай еттім... оған өкінбеймін.. Сіздің сол күнгі шарасыздығыңызды көріп өзімді емес сізді аяп кеттім.... Мен бәрін сақтап қалуға тырысқаныммен, сіз қаламадыңыз, күреспедіңіз, сөзіңізде тұра алмадыңыз.. Жанымды қатты азапқа салдыңыз, үмітіммен сенімімді ақтамадыңыз, махаббатымды, өзіңізге деген сезімімді аяқ асты еттіңіз... Жанымды жараладыңыз.. Есіңізде ме...?Болашаққа жоспар құрып, сенің үстіңде аппақ той көйлек, жаныңда мен екеуміз анау тұрған неке сарайына барып некемізді қиямыз деп мені сендіргеніңіз... Сені анаммен таныстырамын.. құдай қаласа болашақ құрамыз, отбасы боламыз, ата-анамызбен бірге ауылда тұрамыз, мен оқуымды аяқтап ауылда жұмыс жасаймын, сен үйде анамның жананда боласың....Барлык қиындыққа шыдап, Біз бәрін бірге жасаймыз , бірге жеңеміз дегеніңіз қайда??? Есіңізде ме...? Сіз маған ТӘТТІМ деуші едіңіз ..(ол сөзді енді басқа біреуге айтып жүрген шығарсыз).. . Сенімен болашақ құрғым келеді деуші едіңіз..(қазір өзге біреумен болашақ құрып отқан шығарсыз)...Сені сүйемін деуші едіңіз .. (қазір осы сөзбен өзге жанға жылу сыйлап отқан шығарсыз )...БАҚЫТТЫСЫЗ БА??? Сол кездері маған Сүйемін деп едіңіз, тастамаймын деп едіңіз, шешіміңе , таңдауыңа өкіндірмеймін деген едіңіз, сеніміңе селкеу түспесін маған сенсең болады деуші едіңіз...Сені бақытты етуге тырысамын деуші едіңіз... Сонда бәрі арман, жай ғана көз бояушылық екен ғой, қазір сонда басқа жанды сүйесіз бе? Арада көп уақыт өтпеді ғой? Қалай? Қалай оңай? Сонда бәрі сіз үшін түкке тұрмайтын, маңызы жоқ зат болғаны ма? Сіз үшін титтей де қадірімнің жоқ болғаны ма? Соның бәрінің жалған болғаны ма?? Сіз менен махаббаттың үшін не істей аласың деген едіңіз.. Мен жауап бергенмін (сізбен тозаққа болсада барамын деп айтқанмын).... тіпті сіз үшін туған анама қарсы шықтым(ол менің ең үлкен қателігім)... Ал сізше?? өтірік болса да бір қадам да аттамадыңыз ғой... Сізге адал болғаным соншалық сізден жасырып өтірік айтуға арым жібермейтін, ал сіз не істедіңіз??.. Жүрегім ауырып жатыр түсінесіз бе? Қатты қиналып кеттім... Жанымды түсінетін жан жоқ.. Жапан далада жалғыз өзім қалғандай күйдемін... Қаншама уақыт өтті білем.... ұмытып кетуге болар еді, бірақ менің сезімім өзгелердіңкіндей әлсіз емес.... Сөзіңізге сендіріп, иманныңызбен иланыпдырып, Алланың атымен берген уәделеріңіз қайда? Мені жай ғана басқа біреуге айырбастап жібергеніңіз жаныма қатты батты.. маған сатқындық жасадыңыз (мен күтпеген едім, сатқындықты мен ЕШҚАШАН, ешқашан тіпті өлсемде азабын өзім тартсамда кешіре алмаймын ешқашан... алайда сіз кешірімде сұрамадыңыз ғой... ), анаңыз екеуіңіздің ұнаса алып қалатын, ұнамаса лақтыра салатын қуыршағы болғаным ба? Қалайша? Ол маған қалай тиеді білесіз бе.... Мені мұндай жағдайда қалдырады деп ойламадым... (ешқашан сіз жайлы жаман ойлаған емеспін... себебі сендім, сүйдім... нәтижесі осы болды) Менің қандай күйде екенімді білмейсіз... себебі сіз еркексіз сізге бәрі-бір, тіпті не істедім деп ойланбайсыз да....Мен сол күннен бері.. Менің жүрегімді жалғыз тастап кеткен күннен бері өлген адаммын...ия тірілер арасындағы тірі өлікпін... Менің қазіргі жағдайым сізге қызық емес білем.. Бірақ біліп жүріңіз... Өзіңізді жан-тәнімен сүйген жаның жүрегін өз қолыңызбен тілгілеп тастадыңыз, оның жүзіндегі шынайы күлкіні тартып алдыңыз, жанын жараладыңыз, сенімін аяқ асты еттіңіз...Мені мұнша азапқа салғанша неге өлтіре салмадыңыз..жаным тыныш болар еді ғой.... Маған бақыт тілегеніңізді естігенше мен неге таскерең болмадым екен... Сізді өзге біреумен көргенше мен неге көр соқыр болмадым екен..Өзім сүйе тұрып сізге бақыт тіледім, одан да неге мылқау болмадым екен... Сізді осыншалық сүймей тұрып неге тас жүрек болмадым екен...Сізбен не үшін таныстым екен... ӨКІНЕМІН...... Сіз айтушы едіңіз "Мен үшін махаббатта СЕНІМ СЕЗІМ ТҰРАҚТЫЛЫҚ маңызды деп " осы үшеуі болса ғана махаббат болады деген едіңіз.. СЕНІМ+ СЕЗІМ + ТҰРАҚТЫЛЫҚ = МАХАББАТ... СЕНІМ ... Мен сізге сендім... өзімнен артық сендім... бар әлем маған қарсы шықсада мен сізді қолдап сізге сендім... сенгендіктен көптеген қадамға бардым... Ал сізше?? маған емес сіз өзіңізге сенімді болмадыңыз ғой.... Өзегім өртеніп барады.....Жаным қиналып жатыр.. іштен тынып, жынды адамдай, өлермен күйдемін... НЕГЕ... Неге мен осылай қиналуым керек неге... СЕЗІМ... Ех менің қапыда қараусыз қалған сезімім ай... қандай бейшара күйге түстің... сені сезіне алмаған адам қадіріңді де біле алмады ғой... Себебі оның сезімі болмады... Әттең... жүрегім кеудеме сияр емес...тынысым тарылып барады... оны тірідей тілгілеп жатқандай....ауыруы жаныма батып барады.. ТҰРАҚТЫЛЫҚ... Сізден өзгені көрмейтіндей күйге түскен едім... бар уақытымды сізге арнаған едім... Өміріме өзгелерді енгізбеген едім сіз бар ғой деп.... Тек сізді ойлайтынмын, сізге адал болдым... Бірақ одан не шықты... бәрі бекер.. Сіз оның бағасын білмедіңіз... Ішім алай-дүлей күйіп барады...Өкініштен... Бағаламайтын жанға арналған ей менің босқа кеткен уақытым ай..... Өз махаббатым өз жанымды дәл осылай азапқа салады деп, жанымды жаралайды деп, тұрақсыз, әлсіз болады деп ойламадым... СІЗ менен осы үш затты талап еткенсіз... Әттең сол қасиеттердің бірі де сізде жоқ екен ғой... өзіңізде жоқ нәрсені менен талап еттіңіз.. НЕГЕ... НЕГЕ сөзіңізде тұрмадыңыз.... Неге.... Жауабы жоқ сансыз сұрақтар... Өкініштен тамған көздің жасы... Сізді сүйген жүрегімнің жазылмас жарасы... Осының бәрі қашан аяқталады,? қашан... Бүгін тұп-тура 1 ай болды... Аз уақыт емес... Ұмытып кететін уақыт.... бірақ болар емес....Күн сайын ойымдасыз "айтқан сөздеріңіз бен берген уәделеріңіз, маған жасаған сатқындығыңыз, шарасыздығыңыз",түн сайын түсімдесіз бақытты кездеріміз, оралмайтын тәтті шақтар.....міне менің өмірім осылай өрбуде..... Ал сіз ұмытқынсыз, өзге біреудің құшағында БАҚЫТТЫСЫЗ БА? Айтыңызшы менің не жазығым бар еді... Осылай жасайтындай не жаздым.. Жаныммен сүйгенім бе? Бар жазығым сол ма? Неге олай жасадыңыз?? Жылатпаймын деп неге жылаттыңыз?? Неге өзіңізді, өзіңіздің бақытыңызды ғана ойладыңыз? Неге? Өмір бумеранг секілді екен....Қашып құтыла алмайсың бәрі-бір айналып келеді..мен сенемін... Маған жасағаныңыз өзіңізге 2 есе болып айналып келеді.... АЛЛАНЫҢ бары рас болса сіздің жазаңызды өзі берер..Қадірімді білерсіз мүмкін...Сізді АЯЙМЫН.. қанша қыздың көз жасына наласына қалдыңыз екен? ОБАЛ АҚ...Оралмас өткен шақтың ескі парағын өртейтін сәтте келді... Қош болыңыз... Сіз бақыттысыз.. мені жылатып, өзіңіз таңдаған жанмен (мені де өзіңіз таңдаған едіңіз ғой) бақытты болып жүрсіз.. ризамын, Ал мен бұйыртса бақытты боламын.."саған жылап, маған күлер кез келер"деген сөз босқа айтылмаған шығар.... Жаралы жаныммен, қанжылаған жүрегіммен жылап тұрып сізге бақыт тілеймін.... БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ... Қазақта "АЛМА АҒАШЫНАН АЛЫСҚА ТҮСПЕЙДІ" деген керемет сөз бар ғой, сол сізге арналғандай... "марқұм әкеңіздің жаны жұмақта болсын"........Мені бұл сөзім үшін жазғырмаңыз... шындық ол әрқашан ащы... Ең өкініштісі: Сонша сүйесің ешкім бағалай алмайды.. Түсінбейді... Жүрегіңмен сүйесін сенесің бірақ қадіріңді ешкім білмейді.. Бәрі бір басқасын іздейді.. Шаршадым... Ғашық болудан Сенуден Ұнатудан.. Махаббаттан... Сезімнен шаршадым... Өз махаббатым үшін жалғыз күресуден жалықтым.. Өзгелер үшін өзімді құрбан етуден шаршадым.. ешкім Түсінбейді... көрмейді сенбейді.... Қатты қиналып кеттім.. Қадірімді білмегендер үшін көз жасымды төгуден жалықтым.. Міне мен дәл осылай жан азабын тарттым.. қатты қиналдым... сүріндім,қайта тұрдым...Мойымадым..Берілмедім... Сіздің намыссыз, мағынасыз-мәнсіз іс-әрекетіңіз арқылы қайта қанаттандым, сізді ұмытуға, өмірімнен жоюға: сіздің шарасыздығыңыз, әлсіздігіңіз маған үміт берді.. Сізсіз жаңа өмірге аяқ басу өте қиын деп ойлағанмын .. тіпті мүмкін емес секілді еді .. Сізді ұмыту мен үшін өте қиынға соқты ..Сізді ұмыту деген сөз ЖҮРЕГІМДІ КЕУДЕМНЕН ЖҰЛЫП алумен тең секілді көрінген... Тіпті олай ойлаудың өзі мен үшін өте ауыр болған....Бірақ бәріне уақыт емші екен....Сізден де жақсы, тіпті сізден асып түсетін жандар мына жалған өмірде жетерлік екен... Сізге соншалықты адал болып, шынайы махаббаттымды, оралмас уақытымды арнағаныма өкінем.. Бірақ енді тым кеш өкінгенмен қайта оралмайды....Болашақта сіздей сырты бүтін, іші түтін адамдардан құдай сақтасын... өзімде сақтанамын... Міне хаттың соңына да келдім... Көзіме көрінетін барлық естеліктерді жойдым, ал осы хат арқылы жүрегімдегі ауыр мұңнан арылдым.... Мен қазір БАҚЫТТЫМЫН Аллаға сансыз шүкір.... Алдағы уақытта да Алла бақытымнан айырмасын... Мен Құдайға сіз үшін дұға етіп, сіздің күнәларыңызды кешіруін сұраймын... ал сіз алаңсыз бақытты өмір сүріп жүре беріңіз... Ізгі құрметпен: бір кездері сізді өлердей сүйген, сіз үшін көз жасын төккен, сіздің алдамшы махаббаттыңыздың құрбаны.....

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public89041023?w=wall-89041023_2942

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар