Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді:

| просмотров: 1058
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келе

Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді:

— Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат көлігім бар. Қызыңызға үйленуге рұқсатыңызды берсеңіз, өмірімнің соңына дейін Ханшайымдай аялап өтемін.

Қыздың әкесі жігітке былай дейді:

— Саған бір ғана сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берсең, берген қалың малың сол болсын! Қызымды алтынмен апта, күміспен күпте демеймін. Тек сұрағыма дұрыс жауап берсең болғаны.

— Бір сұрақ болса, жарасы жеңіл екен ғой, — деп қуанған жігіт, қыздың әкесінің шартын қабылдайды. Қыздың әкесі жігіттің көзіне тіке қарап:

— Таң намазының Азаны — қай уақытта шақырылады? — дейді. Жігіт қызарып кетіп, ұзақ ойланып:

— Таңғы сағат төртте. Аа, жоқ. Үште-ау деймін… Шынымды айтсам, білмейді екенмін, — дейді.

— Тыңдашы, ұлым, — дейді қыздың Әкесі жылы жүзбен: — Мен үшін сенің байлығың, атағың маңызды емес. Қызым — менің байлығым, менің ханшайымым. Оған патшайымдай қарап өтетін адам керек. Қызымды тек Аллаһтан қорқатын, Аллаһқа бой ұсынатын жан ғана бақытты ете алады. Тек салиқалы күйеу ғана Аллаһ Тағалаға жақындауға көмектесу арқылы — қызыма екі дүниенің бақытын сыйлай алады, — депті.

Осындай мейірбан, қамқор, қыздарын осыншалықты жақсы көретін әкелер көп болсын, аман болсын! Ал, «Өмірдің мәні — ақшада» деп ойлайтын жандарға, бұл сабақ болсын!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public89041023?w=wall-89041023_1003

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар