🔴БҰЛ СІЗГЕ ӨТЕ КЕРЕК МӘЛІМЕТ🔴 Ерінбей оқып шығыңыз! Дәрігер-мамандар

| просмотров: 41
🔴БҰЛ СІЗГЕ ӨТЕ КЕРЕК МӘЛІМЕТ🔴
Ерінбей оқып шығыңыз!
Дәріге

🔴БҰЛ СІЗГЕ ӨТЕ КЕРЕК МӘЛІМЕТ🔴 Ерінбей оқып шығыңыз! Дәрігер-мамандардың, ғалымдар, психологтардың  пікірінше, адамның сыртқы түріне қарап та оларды қандай дерт мазалайтынын білуге болады екен. Мысалы, бет терісінің күйіне қарап көптеген ішкі ағза ауруларына диагноз қоюға болады. Бет терісінің түсі, ылғалдылығы, әжімдер түбіндегі тамырлар көрінісі көп нәрседен хабар береді. Терінің белгілі бір аумағы ағзаның ішкі мүшелерімен тығыз байланыста болады, яғни ішкі аумақта қандай да бір қалыпсыздық орын алса, ол өзіне сәйкес келетін тері аумағында бөртпелер пайда болуы сияқты өзгерістен білінеді. Дерматологтардың пайымынша, ішкі ағзамен байланысы жоқ тері ауруларының үлесі 5 пайыздан аспайды екен. Бет терісінің ішкі ағза мүшелерімен байланысы мынадай деп айтылады: Бет ұштары – өкпе, мұрын ұшы – жүрек, мұрын қуысы – қолқа, мұрынның орта аумағы – асқазан, мұрынның үстіңгі тұсы – ұйқы безі, көз: әйелдерде – бүйрек пен жұмыртқа безі, еркектерде – жұмыртқа безі, қас арасы – бауыр, самай – қараталақ, маңдай – аш ішек, ауыз – ас қорыту жолдары, үстіңгі ерін – асқазан, ауыз аумағы – жыныс органдары, тағы басқа. Егер адамның шашы бірден түсін қоюлатса,  бұл бауырда қалыпсыздық пайда болғанының белгісі дейді мамандар. Теріде ұсақ қан тамырлары, венаның, варикоздың кеңеюі байқалса, бұл – жануар өнімдері арқылы ағзаға ақуыздың қалыптан көп түсіп жатқанын білдіреді. Ұйқы безі бүлінсе, онда бет терісі қатпарланады. Миома, эндометрит кезінде теріде қоңыр түсті дақтар көбейеді. Ағзаға протеиндер көп түссе, онда теріде қалдар пайда болады. Егер ағза тіндерінде су қалыптан тыс тұрақтайтын болса, онда адамның маңдай терісі қалыңдап, оған терең әжімдер түседі. Адамның күш-қуаты азайса, ол діңкелеп жүрсе, онда самай тұсы ішке тартылып тұрады. Адамның қасы қысқа болса, онда оның қалқанша безінде қалыпсыздық бар, ал егер әйелдің қасы тым нәзік, жіңішке болса, онда бұл оның ағзасында эстроген аз деген сөз. Адам неврастениямен ауырса, онда оның қабақ терісі тым нәзік болады. Көз аумағы ішке тартып, оның айналасында қоңыр-сұр рең аңғарылса, бұл қан айналуына қатысты органдардағы кінәрат белгісі. Бауыр ауырса, онда көз айналасындағы тері сарғыш тартады. Ағзада гормондық және холестерин тепе-теңдігі бұзылса, онда жоғарғы қабақта сарғыш-қоңыр түсті, сыртқа «теуіп» тұратын дөңестенген аумақ пайда болады. Жоғарғы қабақтағы жалпақ қыртыс – вегетациялық тамыр жүйесінің ширығуының белгісі. Төменгі қабақ салбырап, сұрғылт тартса, онда несеп жолдарында кінәрат пайда болғаны. Ішек жолдары ауырса, көз астына «қалта» орнығады. Қастар арасына тігінен терең әжім түскен адам депрессияға бейім. Мұрынның көздер ортасындағы түбінде көлденеңінен әжім тұрса, онда қалқанша без дұрыс жұмыс істемейді деген сөз. Мұрын «қабырғасы» қалыңдаса, бауырды артық салмақ мазалайды деп біліңіз. Ал егер мұрын терісі бүдірленіп, қызарса, онда ұсақ қызыл жіпше тамырлар көрініс берсе, бұл – артериялық жоғары қан қысымынан хабар береді. Асқазан тіндерінде өзгеріс пайда болса, мұрын «қанаттарында» ұсақ тесіктер бой көрсетеді. Асқазанның ойық жарасы мұрын ұшының түссізденіп, ағаруынан білінеді. Кейбір асқазан ауруларын да мұрын ұшындағы тік сызықтан білуге болады. Несеп қабында дерт пайда болса, науқастың шықшытында «қал» көрінеді. Ауыз бұрыштарында ойық пайда болса, онда ағзаны темірмен қамтамасыз етуге кірісу керек. Тіл құрғаса, бұл – гастрит белгісі. Адам ұйықтап жатып тісін қайраса, онда ішек құрттары бар деген сөз. Құлақ сырғалығы бүрісіп-тырысып, қатпарланса, онда жүрек ауырады, инфарктке бейімдік бар деген сөз. Ал мұрын мен ауыз ортасында қатпар болса, бұл асқазан ойық жарасына, ас қорыту жолдары ауруларына бейімдік белгісі. Ұйқы безі ауырса, мұндай сызық, яғни мұрын мен ауыз арасындағы қатпар беттің сол жағынан белгі береді. Ол беттің оң жағында болса, бұл өт бөлу жолдарының дерті белгісі. Жүрекке салмақ көп түссе, онда мұрын мен ауыз ұштарына ұзын сызық түседі. Ауыз ұшынан төменгі тұста тығыздалу пайда болса, онда ұйқы безінің жұмысында созылмалы қалыпсыздық бар. Иек пен төменгі ерін арасы ұйыса, ол жүрек ауруының белгісі, инфаркт қаупі бар. Иек ісінсе, бүйрек ауырады дегне сөз. Құлақтың сырт жағында ұйпаланып, мыжылған сияқты аумақ пайда болса, бұл бел тұсы, омыртқаның құйымшақ аумағындағы ауру белгісі. Сырғалық тік бұрыштанып тұрса, онда эндокриндік бездердің жұмысында қалыпсыздық бар. Дегенмен мұндай адам табанды, қайтпас болып келеді екен, яғни ол мықты мінезді холерик, қандай салмақты болса да төзімділікпен көтереді, күш-қуатын тез қалпына келтіріп отырады. Иек астындағы тіндердің болбырлығы, яғни «екінші иек» ас қорыту жүйесіндегі қалыпсыздықтар, қышқылы көп адамдарға тән. Мойын тым ұзын болса, онда адам тыныс жолдары ауруларына бейім. Ал мойын артериялары анық бүлкілдеп тұрса, бұл аорта кінәратының көрінісі. Мойын түбінде шұқырша көрінбесе, ол асқазан ауруының белгісі. Адам астмамен ауыратын болса, онда ол иықтарын артқа тастап жүреді. Қысқасы, адамның бет-бейнесіне, сымбатына, жүріс-тұрысына қарап та диагнозды шамалап қоя беруге болады екен. Әрине, ол түпкілікті диагноз бола алмайды, мәселені тереңдеп зерттеу керек. Ал негізінен осындай белгілерге қарап-ақ көп нәрсені шамалауға болады дейді мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_57048

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар