Қантты үй шаруасында пайдаланудың 6 тәсілі..... Қант секілді тәтті та

| просмотров: 75
Қантты үй шаруасында пайдаланудың 6 тәсілі.....
Қант секілд

Қантты үй шаруасында пайдаланудың 6 тәсілі..... Қант секілді тәтті тағамды пайдаланбауға болады. Алайда бұл аталған өнімнен түбегейлі бас тарту керек деген сөз емес. Оны тек шайға немесе тамаққа ғана қосып қоймай, үй шаруасында да пайдалануға болады. Осыған орай, біз оны қолданудың 6 тәсілін ұсынамыз. 1. Ас үйде Кофе, қант, тұз сақтауға арналған ыдыстарды арнайы ыдыс жуатын құралмен жууға болмайды. Себебі, оның иісі шығып, ішіндегі өнімді бүлдіреді. Сондықтан, оны әдеттегі қант ұнтағымен жуған жөн. 2. Плитада Егер плитаның үстінде бір нәрсені күйдіріп, оның иісі үйдің ішіне таралып кетсе, темір ыдысқа қант салып, оны ысытыңыз. Жағымсыз иіс бірден жоғалады. 3. Бетте Қанттың көмегімен пилинг жасауымызға болады. Қантты дымқыл қолыңызбен ұстап, бетіңізге үйкеңіз. Артынша жуып тастаңыз. 4. Денеде Қантты косметология саласында эпиляция жасау үшін қолдануға болады. Денедегі түкті қантпен кетірудің бұл әдісі «шугаринг» деп аталады. Оны қант пастасы мен судың көмегімен жасайды. Бұл қоспаны түкті жерге жағып, бетін матамен жабу керек. Кепкен соң матаны алған кезде түктер де бірге жұлынады. 5. Тілде Тіліңізді байқамай күйдіріп алсаңыз, көмекке тағы да қант келеді. Әдетте тамақтың дәмін көреміз деп күйдіріп алатын сәттер жиі кездеседі. Осы жағдайда бар болғаны бір қасық қантты ауызға салсақ, ауырсыну сезімі басылады. 6. Саяжайда Масалармен күресудің бір тәсілі тікелей қантпен байланысты. Оның көмегімен жабысқақ ленталар жасалады. Әсіресе, кешкі мезгілде есіктің тұсына іліп қоюға болады.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_56334

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар