Миға қуат беретін 19 тағам Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын м

| просмотров: 96
Миға қуат беретін 19 тағам 
 
Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жыл

Миға қуат беретін 19 тағам Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын м 199;лік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді. Диета с 199;йер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз 199;шін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды. Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам к 199;теді екен? ✅ Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар. ✅ Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай. ✅ Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай. ✅ Қара шоколад. Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра т 199;сетін кофеин де бар. ✅ Алма. Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. Бонус: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі. ✅ Авокадо. Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді. ✅ Қаражидек. Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қара-көк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады. ✅ Даршын. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі. ✅ Орегано. Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді. ✅ Қырыққабат, шпинат және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғи-химиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді. ✅ Кофе. Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар. ✅ Тәтті картоп (батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы. ✅ Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. ✅ Зәйтүн майы. Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы. ✅ Балапан еті. Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды. ✅ Жұмыртқа. Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі. ✅ Албырт. Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр. ✅ Ширатаки кеспесі. Жабайы ямс тамырынан дайындалады. Талшыққа бай, ал калориялары өте аз. ✅ Көк шай. Антиоксиданттар мен метаболизм үрдісін тездететін эпигаллокатехин галлатына бай. Құрамында босаңсу және тонусты сақтауға көмектесетін L-тианин да бар. Ал кофеин, кофемен салыстырсақ, әлдеқайда аз

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_56171

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар