🍊Өрік-абрикос🍊 Өріктің піскен жемісі адамның ауруға деген қарсыласу қ

| просмотров: 46
🍊Өрік-абрикос🍊
Өріктің піскен жемісі адамның ауруға деген қ

🍊Өрік-абрикос🍊 Өріктің піскен жемісі адамның ауруға деген қарсыласу қабілетін арттырып, көздің көру мүмкіндігін көтереді. Жүрек-қантамырлары ауыратын, терісі бұзылған адамдарға үлкен көмегін тигізеді. Қазіргі заманның ғалымдары – 100 г піскен өріктің тағамдық құндылығы 250 г сиыр бауырынан кем түспейді екен. Оны кептірген кезде құрамындағы глю­коза 6 есе артатындығын дәлелдеген. Кептірілген өрікті үнемі жеген адам қаны аздықтан, өкпе мен қолқаның сырқатынан айығып, бауыр мен өт жұмысының жақсаратынын нақты сынақтан көрген. Сонымен қабат адам еске сақтау қабілетін сақтап, шашының өсуін жақсартқан. Шөлді қандырып, ағзаларды микроэлементтермен байытқан. Оның құрамындағы дәрумендер шамадан тыс семірген әйелдерді белгілі дәрежеде арықтататыны нақты тәжірибеден көрінді. 🔹1. Ауруға қарсыласу қабілетін арттырып, жүрек-қантамырлары ауруының алдын алу үшін қыстың суық кездерінде күн сайын 8-10 тал кептірілген өрікті үзбей жеп отырсаңыз, қыстан қысылмай шығасыз. Ал, жазда жаңасы шыққан кезде соны жеген жөн. 🔹2. Жұтқыншақ ауырып, қолқа қабынып, жөтел пайда болған кезде өріктің сүйегін шағып дәнін ұнтақтап, бір шай қасықты бір стақан ыстық сүтпен ішіп алсаңыз, күніне үш рет, үш күн қатарынан нәтижесіне көзіңіз жетеді. 🔹3. Жүрек қағып мазаңызды алатын болса жарты ки­лограмм лимонды ұсатып турап, бір стақан балға араластырыңыз. Оған 20 тал өрік дәнін ұнтақтап қосыңыз да 3 күн жылы жерде жабық ыдыста ұстаңыз. Осыдан соң таңертең-кеш ас алдында бір ас қасықтан жеңіз. 20 күн бір емделу мерзімі. 🔹4. Жүрек жұмысының бұзылуынан денеге ісік шыққанда 200 г кептірілген өрікті 1 литр қайнап тұрған суға салып, 6  сағат жылы орап қояды. Осыдан соң өрікті арнайы ыдыста сығып суын бөлек құйып алады да, бір стақанды жұтым-жұтымнан бөліп ас алдында ішеді. Өріктің жаңа жиналған өнімі асқазанында жара бар адамдар үшін болмайды. Ал, сусамыр ауруы бар адамдар жаңасын, кептірілгенін де жеуге болмайды. Өйткені, оның құрамында глюкозасы көп.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_53164

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар