💦 Бу бұлауын жасап көрейік 💦 Дәрігерлердің айтуынша, адам терісінің б

| просмотров: 91
💦 Бу бұлауын жасап көрейік 💦
Дәрігерлердің айтуынша, адам т

💦 Бу бұлауын жасап көрейік 💦 Дәрігерлердің айтуынша, адам терісінің бір шаршы сантиметрінде 40 мың бактерия сақталып, олар терінің бетіндегі шаң-тозаңмен, кірмен, термен қоректенеді екен. Бу бұлауы (паровая ванна) осы бітелген саңылауларды тазартып, майлы теріні жақсартуға көмектеседі. Нәтижесінде тері бетінде жиналған 100 миллиондай микроб жойылады. Бірақ, оны тым көп жасауға да болмайды. Құрғақ теріге бу бұлауын бір айда бір рет жасаған дұрыс. Саңылаулары ашылып кеткен, тамырлары кеңеюге бейім босаң теріге бұндай бұлау тіптен зиян. Сондықтан рәсімді жасамас бұрын, теріңіздің қандай екендігіне назар аударыңыз. 💦 Бұлаудың ұзақтығы терінің түріне байланысты: құрғақ теріге – 5-10 минут, майлы теріге – 15 минутқа дейін жасауға болады. Бу тері бетін жұмсартып, тазартады, жоғары температура қан айналымын тездетіп, тердің шығуына жәрдемдеседі. Бұлау алдында, теріні арнайы креммен немесе маймен тазартып алу шарт. Басқа орамал тағып алсаңыз, тіптен жақсы. Бұлаудан кейін, бетті алдымен жылы, одан кейін біртіндеп суытып, ең соңында мұздай сумен шаяды. Соңғы мұздай суға аздап лимон шырынын қосу керек, ол тері саңылауларын тазартады. Сосын бетке өзіңізге ұнайтын маска жасаңыз. Сонда бетіңіз расында да әрленіп, әдемі бола түседі.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_52945

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар