🌸 Жеті шелпек шарапаты... 🌸 🌸 Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолда

| просмотров: 15
🌸 Жеті шелпек шарапаты... 🌸 
 
🌸 Баяғыда бір жолаушы келе жа

🌸 Жеті шелпек шарапаты... 🌸 🌸 Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді. – Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады. Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып: – Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады. Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ: – Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді. Жолаушы құтқар деп оларға жалынады. – Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады. 🌸 Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. – Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? – деп сұрайды. Жылан мән-жайды баяндап: – Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда сен не істей аласың? Жолыңнан қалма, – дейді. Бала: – Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. Өтірігіңе сенбеймін. Айтқаның рас болса мына денеңмен, кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, – дейді. Жылан бұрқан-талқан ашуланып: – Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін, қарап көз жеткіз, – дейді де, түтінге айналып жоғары көтеріліп, сандыққа кіріп кетеді. Бала сандықты «тарс» жауып, аузын бекітеді. Сосын жолаушыға: – Жыланның құтылдың. Енді жолыңнан қалма, – дейді. Жолаушы қуанып: – Айлаңды асырдың, батыр. Қарыздармын. Жөніңді айт, кімсің? – дейді. 🌸 Сонда бала: «Бұл жылан - орынсыз айтқан өз сөзің. „Он бәлінің тоғызы тілден“ деген. Орынсыз сөз иесін қабады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі- ұстамаған оразаң, бес кісі - қаза қылған бес уақыт намазың. Құлшылыққа салғырт қарадың. Олардан қайран болмады. Бірақ, сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедей-кепшіктерге садақа беретін едің. Алла сенің осы қасиетіңді жақсы көретін. Мен – өзің пісіріп таратқан сол шелпекпін. Сені құтқаруға Құдай арнайы жіберді, – депті. Осыдан бастап ел ішінде жеті шелпек жеті бәлені жояды. Жеті шелпек пісірсең, жеті атаңа сауабы тиеді деген ұғым, түсінік қалыпты.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_49587

    Email FacebookGoogle TwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар