☕ Көк шайдың пайдасы бар ма? ☕ ✅ Көбіміз қыста ауруға бейім келеміз.

| просмотров: 229
☕ Көк шайдың пайдасы бар ма? ☕
✅ Көбіміз қыста ауруға бейі

☕ Көк шайдың пайдасы бар ма? ☕ ✅ Көбіміз қыста ауруға бейім келеміз. Себебі, салқын мезгілде адам ағзасына қажетті дәрумендер мен аминқышқылдары жетіспейді. Ал біздің ұйқылы-ояу, тұнжырап, маужырап жүруіміздің себебі – күн шуағының аздығы. ✅ Осындай мезгілде жақсы көңіл-күй мен сергектікті сақтау үшін көк шайдың көмегіне жүгінуіміз керек. ✅ Бұл сусынның емдік қасиеті ежелгі Қытайда анықталған еді. Тіпті, қытайлықтардың жүз жыл жасауының себебі көк шай ішуінде деп саналған екен. ✅ Көк шай – жұмсақ, ауыз қуыратын әсері, мол пайдасы бар сусын. Ол ағзадан зәрді шығарып, асқазанды, ішек пен бүйректі тазартады. ✅ Сонымен қатар, көк шай ағзаны жасартады екен. Күніне 2-3 кесе көк шай ішсеңіз, қартаю үдерісін бәсеңдетесіз. ✅ Көк шайдың құрамында лимон мен апельсинге қарағанда дәрумендер 4 есе көп. Яғни көк шайдың иммунитетті нығайтуға көмегі мол. ✅ Бұл сусынның басты қасиеттерінің бірі – сергіту. Көк шай – мидың қан айналымын жақсартатын, оны ауамен қамтамасыз ететін және күйзелістен арылуға көмектесетін ерекше сусын. Сондай-ақ есте сақтау қабілетін де қалыпқа келтіруге көмектесетін қасиеті бар. ✅ Демек, көк шай суық мезгілде қорғануға, көңіл-күйді көтеруге, тез шаршамауға көмектесетін сусын.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public85171601?w=wall-85171601_46812

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар