✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Қайран Елім!!! Туралсада айтамын тіл нешег

| просмотров: 22
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Қайран Елім!!!
Туралсада айтамын

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Қайран Елім!!! Туралсада айтамын тіл нешеге, Қайран қазақ қаңғырып жүр көшеде. Ақ қар, көк мұз күреген қайран елім, Өлгенінше осылай күн кешеме? Алланы айтып айтылар бар Азаның, Тоғыстырып тәрбиеге дала заңын. Жаңалық деп үлкендер қала заңын. Жастарым жүр тартқылап жар азабын. Келеңсіздік Отаудың тіккен іші, Жанға бата қоймайды жұрт кемісі. Бастық болам деп өскен балалардың, Шырт түкіріп жоқ екен түкпен ісі. Қасіретпен күрестік қайғы жұтып, Пайда бермей тұр елдің байлығы түк. Тәтті берген баладай таңғалдырып, Жанды алдап қоямыз жәй жылытып. Санды соғып, сан мәрте сарапталдың, Көрмейсіңбе шеберін Жаратқанның? Құс сүтімен өсірген құзғыныңның, Қайран елім қолына қарап қалдың. Жеміс үзіп жей алмай бар бауынан, Үйіміз бар.. пана жоқ қар, дауылдан. Ақиқатты білсекте ақырында, Шаршамадық Алдардың алдауынан. Жатқандар көп жұтынып құрттап іші, Тоғытылды түрмеге жұрт тағысы. Бабалардың қанымен сақтатылған, Ұлдан кетіп барады Ұлт намысы. Сені көріп халқым-ай сендетілем, Сенде тудым... Салмаймын елге түрең. Аяз ата барына сеніп жүріп, Бір жолата кетпейік жер бетінен. @ Райым Мейірхан

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_270473

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар