✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Сен ұйықта енді.. Мен саған тынбай жыр жаза

| просмотров: 69
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Сен ұйықта енді..
Мен саған тынба

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Сен ұйықта енді.. Мен саған тынбай жыр жазам, Таңғы нұр сені... Күтсінші мені мұңды азан. Қылығы көркем, қыз жанын мәңгі жырлауға, Болыпты білсең... Райымдай міне ұлға заң. Жаныма жақын, заңына кеттім жүгіне, Тұңғиық терең теңіздің түстім түбіне. Шашуы қайсы, қайғысы қайсы тағдырдың, Шаттығы қайсы таппадым Еркем мұңы не? Бір үміт барын білемін әлі өшпеген, Ғашықпын қайтем, жете алмай келем көшке мен. Қарайла маған, жағада қалып қоймайын, Жаңа өмір жаққа жүзгенде жүйрік қос кемең. Туласа жүрек, тұтқында сезім бары анық, Алжасам бірден, алыстай қалса аралық. Дауылың соғып, кемеңнен сырғып кетпейін, Су түбін торлап, торыңда мәңгі қамалып. Қарайла маған, мен енді сенем жүземін, Жылыдым демде, қаңтарда қатқан мұз едім. Толқынын жеңіп, желкенін тартып өмірдің, Қасыңа келдім жаз болып міне... Күз едім!!! @ Райым Мейірхан

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_265884

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар