✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Қазақ қызы Бір аруды жырлайын шамам келсе

| просмотров: 97
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Қазақ қызы 
Бір аруды жырлайын ш

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Қазақ қызы Бір аруды жырлайын шамам келсе, Намысына әрқашан алаң менше. Қыз қылығын сақтаған бар бойына, Келінім деп қалады-ау Анам көрсе. Тектілігі тоғысқан көк бөрімен, Өте білген өмірдің өткелінен. Топ алдында тосырқап, ұялғаны, Анасының аумайды мектебінен. Таңғалдыра салатын сәлемімен. Күлген жүзі гүлдердің әлемінен, Жан-жағына шуағын шашып келіп, Жігіт көрсе аспаған әдебінен. Құралайды көрсеткен қара көзі, Сыңғыр даусы сырнайды салады өзі. Батыл жетпей, жігіттер қасында қап, Жалғыз жүріп жар таппай барады өзі. Қолын кімге созса сол.. бірақ ұстар, Сезім баққа жетпеген жыла құстар. Әй жігіттер қасына жетсеңдерші, Мен жетпеймін ортада бір ағыс бар! @ Райым Мейірхан

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_261428

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар