ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің ке

| просмотров: 309
ӘЙЕЛ 
 
…Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы

ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште: — Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала: — Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып: — Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің, — дейді. — Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз-өзін емдеп, 18 сағат жұмыс жасай алатын болады. Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді… — Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің! — Иә, ол — өте нәзік. Сонымен бірге, ол — өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың. — Ол ойлана алады ма? — деп сұрады періште. — Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады. Періште әйелдің бетін сыйпады… — Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатырған сияқтысың. — Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой, — деп дұрыстады Аллаһ Тағала Періште сөзін. — Бұл не үшін? — деп сұрады Періште. — Ол — қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді. Періште қатты әсерленді… — Я Аллаһ, сен — шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел — шынында да керемет жаратылыс екен — Иа, шынында да солай! Әйелде еркекті бағындыра алатындай — күш бар. Ол — өмір тауқыметімен күресіп, қасіретін көтере алады. Ол — бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді. Ол айқайлағысы келсе — күледі, жылағысы келсе — ән айтады. Бақытты кезінде — жылайды, қорыққан кезінде — күледі. Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады. Жақындары үшін — жанын береді. Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сендіреді. Махаббаты — шексіз. Балаларының бақытына қуаныштан жылайды. Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, өмір сүру үшін өз бойынан қуат таба алады.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_252821

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар