✏ Біздің оқырманымыздан ✍ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ХАТ! Құрметті Қыздар қауым

| просмотров: 48
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ХАТ!
Құрметті Қы

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ХАТ! Құрметті Қыздар қауымы! Атам заманнан қыздар туралы жырламаған ақын, қыздар туралы жазбаған жазушы, қыздар туралы ән айтпаған әнші болмаған шығар. Әрине, қыздар бір қолымен бесікті тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен, асыл жанды жаратылыс емес пе? Қай заманда да ақындар қыздардың сыпайылығын, биязылығын, ұялшақтығы мен, тәкаппарлығын тамсана жырлаған. Олардың абырой дәрежелері, ақыл парасаты тым жоғары әрі оңайлықпенен қол жетпегендіктен, небір сері жігіттердің өзі, тура айтуға батылдары бармай, өлең жырларымен көңілдерін білдіретін болған. Ия,тіпті бұрынғы заман тарихын оқып қарасақ, ел мен ел, патшалық пен патшалық арасындағы соғыстардың көпшілігінің себебі осы әйел затының себебінен болыпты. Егер әйелдердің дәрежелері тым төмен болса,онда ел мен ел қырқысып,жауынгерлердің қандары босқа төгілмес еді. Ата- бабаларымыз қызды қырық үйден тыйып, олардың абыройын сақтап,қатал тәрбиемен қыздарын алақандарында ұстап баптаған. Қыздарын үлде мен бүлдеге орап, алтын,күміс асыл тастарымен әшекейлеп,атлас, торғын, жібекпен көмкеріп,ең құнды жауһарындай қорғаған. Он екі гүлінің бірін жармай жатып, тұрмысқа беріп, абыройымен босағаны аттатқызған. Қыздардың құны, жай адамның шамасы жетпейтін, олардың қалын малын керуен тізіп таситын.Сандық-сандық құнды тас, әшекейлер, сырға, білезік,жүзіктер және тері, былғары ішік пен бөріктер толы дорбаларды түйелер алып жүретін. Бұрынғы бабалар: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. «Қыз өссе, елдің көркі»- деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. -деп жырлаған. Иә, ол кезде қыздардың дәрежесі осындай еді.Ал қәзір ше? Өзіңіз байқап көрсеңіз, аз ақшаға сатылып, түкке тұрмайтын қыздар көбейіп кетті емес пе? Ал бұл өлеңді қазіргі жас буындары интернетке былай өзгертіп жазғандарын оқып,қатты көңілім түсті: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Қысқа киіп көшеде тайраңдаған. «Қыз өссе, елдің көркі»- деген сөзді, Сол заманның қыздарына, айтқан бабам. Әрине, бұрынғы заманның да ақылдысы, ақымағы болғаны сияқты, қәзіргі заманның да ақылдысы жетерлік. Аллаға шүкір,иманды жастарымыз да бар. Бірақ, дәл қәзіргі заман қыздарының көбісі батысқа еліктеп ,(тіпті біріңғай десек те қателеспейміз) жалаңаштанып жатқаны бұрын-соңды болмаған төңкеріс жасап жатыр. Адамзат жаратылғалы бері, киім үлгісінің қаймағы бұзылмай 19 ғасырға дейін сақталып келген(мысалы: әжелеріміздің заманына дейін), бұл Ұлы төңкеріс соңғы екі ғасырда осыншалықты шырқар шегіне жетіп үлгерді. Бұл дегеніміз қиямет сағатының да осындай жылдамдықпен жақындағанының белгісі емес пе? Иа, мұсылман әпке-қарындастарым! Есімізді жиып, Аллаға шынайы тәубемен оралайық! "Үстіңдегі киім тамаша екен"- деп қолпаштайтын, Алладан ұялмайтын адамдарға алданып қалмайық! Олар бізге жақсы өсиет айтпайды. Біз үлгіні Алла Тағаладан қорқып, ұялып жүрген әпке-қарындастарымыздан алғанымыз абзал! Кейбір қыз-жігіттерге айтылған шындық жақпай қалары да анық, бірақ шындықты айтқанның айыбы жоқ деп ойлаймын! Мен, елдің сөздерінен жасқанбаймын. Небір мағынада комент қалдыратын да шығар.Бірақ жақсы өсиет жақсылыққа жетелесе,Алла разы болса маған жеткілікті. Сөзімді «Мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән! Сәлеміміз Мұхаммедке(салаллаһу аләйһи уә сәллам) болсын» -деп аяқтаймын.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_250332

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар