✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Күңіренді аспан күңіренді жүрек Барады мын

| просмотров: 67
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Күңіренді аспан күңіренді жүрек

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Күңіренді аспан күңіренді жүрек Барады мынау қайғым да үдеп Көз жасын төккен аспанмен бірге Көз жасын төкті көңіл де жүдеп Сырымды айтып ғашықтық саған Жүректеріміз қашықтатпаған Мәңгілік сезім деп ойлап едім Теңіздей болды-ау тасып тоқтаған Жаңбыр далада. Жаным да жаңбыр Жанардан енді жасыңды тамдыр Жылатпаймын деп серт беріп едім Себепші өзің жасыңа сол бір Жүректер енді жыламай қоймас Жылау да бірақ қайғыны жоймас Бір көрсем сені есімнен танып Көркіңе менің көздерім тоймас Ойымда сенсің ұйқы да қалды Сағыныш қатты қинады жанды Көзімді ілмей өткіздім түнді Жаңбырмен қарсы ап тағы бір таңды Жалғас Мұратұлы.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_217840

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар