✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Жалғыз елік аралаған тау-тасты, Алатауға бе

| просмотров: 24
✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Жалғыз елік аралаған тау-тасты,
А

✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Жалғыз елік аралаған тау-тасты, Алатауға бетті бұрып, бел асты. Ел аралап келген асау елікке, Іле ана құшағын да кең ашты. Балқашына жете алмаған шерлі ана! Жаралы елік, жатырқама бол пана! Жалғыздарды жарылқайтын мұңлығым, Бауырыңа баса қойшы жай ғана. Бұлқынасың кейде арнаңнан тасынып, Толқындардың өр мінезін жасырып. Елігіңді емдеп жібер Арқадай, Еркелетіп, жақсылығын асырып. Тасынғанда сенен де, ертең құм қалар, Өрттен кейін шоқ та, сөніп күл қалар. Адамзаттан ұрпақ пенен жақсылық, Ақындардан том-том кітап жыр қалар... (с) Маликова Д.Ж. 9.01.2019ж

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public83557387?w=wall-83557387_187728

    Email FacebookGoogle TwitterVKWhatsApp

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар