Менің ойым күнде ауысып жатыр. Қазіргі уақытта шешкенім осы: Әміржан Қ

| просмотров: 9
Менің ойым күнде ауысып жатыр. Қазіргі уақытта шешкенім осы:

Менің ойым күнде ауысып жатыр. Қазіргі уақытта шешкенім осы: Әміржан Қосановқа дауыс беру дұрыс сияқты. Рас, оның тұлғасы, жасап жатқан әрекеттері, жоспары мен мақсаты - барлығы өте нашар. Оған жеңіске шету үшін Владимир Зеленский сияқты штаб құру қажет еді. "Нұр Отан" "Хабарда" сайраса, "Ұлт тағдыры" Интернетті барынша қолдануы тиіс. Инстаграмға кіріп, тікелей эфирлерге күнде шығып дегендей. Мүмкін сөйтетін де шығар, бірақ мен оның аккаунтын білмеймін де. Білуім үшін ешқандай жарнама болмады. Ол үгітке берілген аз уақыт ішінде мардымды әрекетті жасап жатқанын көрмедім. Былайша айтқанда, дым да істеп жүрген жоқ. Оңтүстікке неге бармайды? Теріскейде оның идеалогиясы көбіне жат емес пе? Шыны керек, осыған дейін де бұл кісіні танымаушы ем, қазір де білмеймін. Оған ұялмаймын да. Кандидатты мен іздемеуім керек, ол мені (дауыс берушіні) өзі тапсын. Бірақ, Қосановқа дауыс беру - Тоқаевтың саясатымен келіспеу деген сөз. Мен ешқашан Тоқаев ұтпайды дегенге сенбеймін. Тіпті оған Қосанов та сенбейді. Әміржан ұтатынын білсе, сайлауға қатыспас та еді. Қосанов - "Ақорданың" жобасы. "Ұтпаса, қатыса берсін" деген ойдың жемісі. Олай емес пе? Онда менің ойымды өзгертсін! Тағы айтам, бұл тұрғыда қандай іс жасылып жатыр? Маған Қосанов "Бос плакат үшін сотталатын елде шынайы оппозиция" барын дәлелдеп бере ала ма? Сонда мен не үшін оған дауыс беремін? Себебі ҚЖТ 85 пайызбен жеңіске жетпеу керек. Оның максимумы - 55 пайыз. "Нұр Отан" xалықтың жартысы жақтырмайтынын ұғу керек. Қазір шешкенім, өзіміздің қаламсаппен барып, плюс қойып кетемін.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_986492

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар