Sn.kz: «Qatar Airways» әуе рейсі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қаты

| просмотров: 4
Sn.kz: «Qatar Airways» әуе рейсі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалал

Sn.kz: «Qatar Airways» әуе рейсі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатынайтын болады 2020 жылдың 30 наурызында «Qatar Airways» әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасында, 1 сәуірде «Qatar Airways» әуе компаниясының Доха және Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді. Инаугурациялық рейстерді орындайтын - Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесі. «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. «Жалпы, «Qatar Airways» әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.  Анықтама үшін: Qatar Airways - Катардың ұлттық әуе компаниясы, әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Әуе кемелерінің паркі 233 ұшақтан тұрады. Әуе тасымалдаушының басты транзиттік хабы Доха қаласындағы Хамад халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуе компания 29 млн. жуық жолаушы тасымалдады. https://sn.kz/sn-akparat-agyny/64761-qatar-airways-ue-reisi-almaty-men-nur-sultan-kalalaryna-katynaityn-bolady

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1087159

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар