Baq.kz: Қарағандыда он көшенің атауы өзгерді Бүгін Қарағандыда көше а

| просмотров: 8
Baq.kz: Қарағандыда он көшенің атауы өзгерді
Бүгін Қарағанд

Baq.kz: Қарағандыда он көшенің атауы өзгерді Бүгін Қарағандыда көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Талқылауға өңірдің мыңнан астам тұрғындары қатысты. Халық дауысының нәтижесінде қаладағы он көшенің атауы өзгерді. Бұған дейін Ленин атымен аталып келген орталық көше енді Абай атымен аталатын болады.  Сонымен қатар, Приканальная - Сарыарқа, Кривогуза - Қасым Аманжолов көшесі, Защитная - Григори Потанин, Зональная - Александр Затаевич, Олипийская - Нарымбет Төлепов, Волочаевская - Камали Дүйсембеков, Кувская - Қазыбек Нұржанов, Нұржанов көшесі - Мерей, Аманжолов көшесі - Балқантау болып өзгертілді.  Тыңдау барысында Ленин атауын өзгертуге қарсылық білдіргендер де болды. Қаланың кейбір тұрғындары көше атауларын өзгертуге қыруар қаржы жұмсағанша, сол қаржыны жол жөндеу мен аялдамалар салу секілді мәселелерге жұмсауды ұсынды.    Мұндай ұсыныстан кейін қарағандылық "Нәтиже" компаниясының директоры Ерлан Әшімов, бұл тарихи шешім екенін айта келе, көше атауларын өзгертуге кететін шығындарды толықтай өз есебінен өтеп беруге уәде берді.  https://baq.kz/news/othernews/ara-andyda-on-k-sheni-atauy-zgerdi/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1087157

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар