Baq.kz: Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашты

| просмотров: 7
Baq.kz: Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram

Baq.kz: Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашты ҚР Сыртқы істер министрлігі екі мемлекеттегі елшіліктерінің қызметтерін жеңіл әрі жылдам көрсету мақсатында Telegram бот ашты. Бұл туралы СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Бот арқылы жіберілген өтініштің орындалу мерзімін бақылап отыруға болады. Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы және Ресей Федерациясындағы елшіліктері консулдық бөлімінің жұмысы мен қызметтері туралы негізгі сұрақтарға жауап беруге арналған Telegram боттарды іске қосты. Telegram түсіндіру сипатында, яғни консулдық қызметтер туралы негізгі ақпаратты қамтиды. Мысалға, құжаттар тізбесі, орындалу мерзімі т.б. Сонымен қатар, онда мәтінді тану алгоритмі қарастырылған. Өңірді енгізсеңіз, Қазақстанның шетелдегі тиісті мекемесінің мәліметтерін алуға болады. Бұл ретте өтінішті қарау кезеңін бақылап отыруға да болады. Қолданушы ұсынылған жауаптардың бірін таңдау керек. Бұдан әрі пайдаланушы қажетті жауаптар бойынша әрі қарай жылжып отырады. Оның қызметтерін пайлану үшін Telegram-ның тіркелген пайдаланушысы болу керек. Боттар үнемі жетілдіріп, сіздердің көмектеріңіздің арқасында интерактивті көмекшіге айналады. Сұрақтарыңыз не өтініштеріңіз болса, сол Telegram чатқа жазуға болады және елшіліктердің электрондық поштасына хат жіберуге болады, - деді Смадияров. https://baq.kz/news/othernews/elshilikter-telegram-bot-ashty/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1087126

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар