Inform.kz: Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды

| просмотров: 4
Inform.kz: Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешені

Inform.kz: Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-13» жүк кемесімен бірге ұшу кешеніне қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі таңда зымыран-тасығыш кемемен бірге Байқоңыр ғарыш айлағындағы № 31 ұшу кешеніне қойылды. Ресейлік зымыран-ғарыш саласының кәсіпорын мамандары бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша өз жұмыстарына кірісті. Бүгін жүк кемесінің жүйелері мен агрегаттарына, зымыран-тасығыш пен ұшу кешеніне автономдық сынақ жүріп жатыр», - деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметінен. «Прогресс МС-13» жүк кемесі «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен бірге 2019 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан уақытымен 15 сағат 34 минутта ұшырылады деп жоспарлануда. Бұдан бұрын хабарланғандай, ғарыш кемесі 1 желтоқсанда көкке көтерілуі тиіс еді, адайда ол кеменің қосымша тексеру жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылды. Ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына отын, оттегі, ғылыми тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар, медициналық заттар, тамақ пен су, экипажға хабарлама жеткізуі керек. https://www.kazinform.kz/kz/baykonyrda-progress-ms-13-zhuk-kemesi-ushu-keshenine-koyyldy_a3591012

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1074865

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар