Inform.kz: Елордадағы көліктердің жарық беру құралдарына тексеру жүргі

| просмотров: 2
Inform.kz: Елордадағы көліктердің жарық беру құралдарына тек

Inform.kz: Елордадағы көліктердің жарық беру құралдарына тексеру жүргізілмек 3-5 желтоқсан күндері елордадағы көліктердің сыртқы жарық құралдарына тексеру жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара қауіпсіздікті сақтау аясында жүргізілуде. «018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес автокөлік фарларына ауыспалы жарық көзін, дайындаушы зауыт белгілеген жарық көзі сыныбына сәйкес келмейтін, атап айтқанда LED және ксенондық шамдарды қолдануға жол берілмейді.Сонымен қатар автокөліктердің негізгі жарық фарлары деңгейінен, яғни капоттың деңгейінде, жүксалғышқа (автомашинаның төбесіне) және т.б. қосымша жарықтандыру аспаптарын орнатуға үзілді-кесілді тыйым салынады», - делінген таратылған хабарламада. Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 590-бабы 5-бөлігі бойынша 12625 теңге сомасына, сондай-ақ Кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 37 875 теңге сомасына айыппұл салына отырып жауаптылыққа тартылады. Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлік белгісін алып қоя отырып, коммуналдық айыппұл тұрағына қою арқылы пайдалануға тыйым салынады. https://www.kazinform.kz/kz/elordadagy-kolikterdin-zharyk-beru-kuraldaryna-tekseru-zhurgizilmek_a3591110

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1074864

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар