Inform.kz: 2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады Б

| просмотров: 4
Inform.kz: 2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қ

Inform.kz: 2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөз жүргізді. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді» делінген хабарламада. Қол жеткізілген уағдаластық нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады. https://www.kazinform.kz/kz/2020-zhyldan-bastap-minsk-aktau-aue-reysi-iske-kosylady_a3591022

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1074848

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар