7kun.kz: Facebook пайдаланушылары фотосуреттерді «Google Фотоға» көшір

| просмотров: 4
7kun.kz: Facebook пайдаланушылары фотосуреттерді «Google Фот

7kun.kz: Facebook пайдаланушылары фотосуреттерді «Google Фотоға» көшіре алады 2020 жылдың бірінші жартысында Facebook пайдаланушылары өз фотосуреттері мен видеоларын «Google Фотоға» экспорттауға мүмкіндік алады. Қазір әлеуметтік желі Ирландияда функцияны тестілеп жатыр. Әлеуметтік желі медиафайлдарды басқа да сервистерге экспорттау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр. Бұл функция Apple, Facebook, Google, Microsoft және Twitter бастамалары бойынша Data Transfer Project жобасы аясында жұмыс істейді, мақсаты — сервистер арасында пайдаланушылардың жеке ақпараттарын жіберуді жеңілдету, сонымен қатар жеке ақпараттың қорғалуын күшейту. CNBC хабарлауынша, Facebook америкалық сенаторлар ірі интернет-компаниялардың сервистер арасында деректер алмасуды жеңілдетуге міндеттейтін заң жобасын қарауға енгізгеннен кейін көп ұзамай жаңа құралды ұсынған. Заң шығару бастамасы сервистер мен алаңдарды қамтиды, олардың аудиториясы АҚШ-да айына 100 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды. https://7kun.kz/facebook-paidalanushylary-fotosuretterdi-google-fotoga-koshire-alady/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1074766

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар