Baq.kz: Қызылордадағы жол апаты: 6 адам қаза тапты 3 желтоқсан күні с

| просмотров: 4
Baq.kz: Қызылордадағы жол апаты: 6 адам қаза тапты
3 желтоқ

Baq.kz: Қызылордадағы жол апаты: 6 адам қаза тапты 3 желтоқсан күні сағат 05:25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, аударылып қалған. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Автобуста 50 адам болған. 6 адам қаза тауып, 22 адам зардап шеккен. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған. Оқиға орнында сағат 07:56 шамасында 6 адамның денесі табылды. 22 адам зардап шеккен. 15 адам құтқарылды. Құтқарушылар апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штат құрылды. Жол апатының себебі жол ережесін бұзу немесе көктайғақ болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада. Қауырт желі телефоны (7242) 24-41-61, 70-03-28. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен төрт техника, алты қызметкер мен екі техника, 12 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. https://baq.kz/news/othernews/4-adam-qaza-tapty-/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1074765

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар