Stan.kz: Нұр-Сұлтанда жолақысы 200 теңгеге қымбаттай ма? Astana LRT жа

| просмотров: 2
Stan.kz: Нұр-Сұлтанда жолақысы 200 теңгеге қымбаттай ма? Ast

Stan.kz: Нұр-Сұлтанда жолақысы 200 теңгеге қымбаттай ма? Astana LRT жауап берді Елордада жолақы 200 теңгеге көтеру керек. Субсидия берілмегендіктен әбден шығынға баттық деген қала автопарктерінің басшылары осындай ұсыныс жасап отыр. Олардың берешегі қазірдің өзінде 2,7 млрд теңгеге жетіпті. Қоғамдық көлікте қолма-қол төлем жасаса 180 теңге төлейтін астаналықтар бұл бастамаға қалай қарайды? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. Елордада жолақы құдды бір арифметикалық прогрессияда өсіп жатқандай. Былтыр шілде айында ғана 90 теңгеден 180-ге бір-ақ секірген еді. Картамен емес, қолма-қол төлесең. Ол кезде тасымалға жауаптылар кірісіміз шығынды ақтамайды, осылай жасауға мәжбүрміз деп жыларман болып еді. Арада 1 жыл 3 ай өтпей жатып автопарктер басшылары сол әуеніне тағы басты. Енді тарифті 200 теңгеге көтермесек, күніміз қараң болғалы тұр дейді. «Осы жылда 8 автопарк өз жұмысын жапты. Қазір 2 автобус паркінің жабылатын түрі бар. Өйткені қаражат жетпейді. Жанар-жағармай алу керек. Автобус бөлшектерін алу керек. Жөніне келтіру керек, жүргізушілерге жалақыларын беру керек. Соған бізде мүмкіндік болмай жатыр», - дейді №3 автобус паркінің басшысы Бауыржан Тілеубергенов. Қысқасы, автобус парктері «былай тартсақ, өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынадының» кебін киіп отырмыз дейді. Қала әкімдігі бюджетте қаржы жоқ деп биыл шілдеден бері 5,5 млрд теңге субсидияны бөлмей қойыпты. Салдарынан тасымалдаушылар белшесінен қарызға батып, күнін әрең көріп отыр екен. Берешектері 2,7 млрд-қа жетіпті. Демеуқаржы берілмесе, тығырықтан шығудың жалғыз жолы - жолақыны көтеру екенін айтады. Ал бұған жұрт қалай қарайды? Алайда жолаушылар тасымалына жауапты «Астана ЛРТ» компаниясындағылар босқа даурығудың қажеті жоқ екенін айтады. «Жолақы көтеріледі деген қауесет сөз, тариф қазіргідей қала береді» дейді. Яғни электронды тәсілмен төлесеңіз - 90, қолма-қол - 180 теңге. Ал автопарктер ұсынысы әуелі қоғамдық талқылаудан өтуі тиіс екен. «Қоғамдық талқылауға, мәслихат талқылауына ұсынылады. Осы бүкіл процедуралар өткеннен кейін ғана жаңа тарифтер орнатылуы мүмкін. Қазір ол жайында ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Тариф қайта қарастырылмаған және қарастырылмайды. Жақын жоспарда ондай мәселе қарастырылмайды», - дейді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің бас менеджері Әлия Жарқынбекова. https://stan.kz/nyr-syltanda-zholakisi-200-tengege-kimbattay-ma-astana-324002/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1067358

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар