Massaget.kz: Интернет пайдаланушылар саны 4,1 миллиардтан асты Ғаламш

| просмотров: 2
Massaget.kz: Интернет пайдаланушылар саны 4,1 миллиардтан ас

Massaget.kz: Интернет пайдаланушылар саны 4,1 миллиардтан асты Ғаламшарымыздың 53 пайыздан артық тұрғыны немесе 4,1 миллиард адам интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып барады. Бұл туралы Халықаралық электрбайланыс одағының “Сандық дамуды өлшеу: 2019 жыл фактілер мен сандар” баяндамасында айтылды. 2018 жылдан 2019 жылға дейін интернет пайдаланушылардың саны 5,3 пайызға өскен. Ал 3,6 миллиард адам интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие емес. Бұлардың басым бөлігі дамымаған мемлекеттер азаматтары, аталған мемлекетте 10 адамнан тек 2 адам ғана интернет пайдаланады. Еуропада бұл көрсеткіш жоғары – 82,5 пайыз. Африкада төмен – 28,2 пайыз. 2019 жылдың соңына қарай әлемдегі 57 пайыз отбасы үйінде отырып интернетке қосыла алады. Aнықталғандай, жер тұрғындарының 96 пайызы мобильді сандық сигналды қолдану аймағында орналасқан. Олардың 93 пайызы 3G немесе одан жоғары буын сигналдарына қосылу мүмкіндігіне ие болса, Еуропада, Батыс жарты шарда және Азия-Тынық мұхиты аймағында мобильді сандық сигналмен қамту 95 пайыз, араб елдерінде 91пайыз, ТМД-да 88 пайыз және Африкада 79 пайыз. Әлемдегі әйелдердің 48 пайызы, ерлердің 58 пайызы интернетті пайдаланады. https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59579/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1067049

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар