Tengrinews.kz: Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды "Қазақ в

| просмотров: 4
Tengrinews.kz: Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

Tengrinews.kz: Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды "Қазақ вальсі королінің" ескерткіші Республика сарайының қасындағы саябақтың солтүстік жағына қойылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, композитордың жары Жәмилә Қалдаяқова, әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен Роза Рымбаева, ақын Мұхтар Шаханов қатысып, сазгер жайлы естеліктерін бөлісті.  "Ағамыз әндерімен жүрегімізде әрдайым қала береді. Шәмші ағаның өзі де, әні де ешқашан көнермейді. Осы саябақтың ішінде жақсы ескерткіш ашылғалы тұр. Еліміздің ең үлкен сахнасы - Республика сарайында. Міне, тура соның жанынан ескерткіш қойдық", - деді Сағынтаев. Ескерткіштің биіктігі - 1,5 метр, ұзындығы - 2,8 метр. Оны бес мүсінші жасаған.  Мүсіншілердің бірі Қанат Бегулиевтің айтуынша, ескерткіштің материалы қоладан жасалған. Тұғырға гранит тас қойылды.  "Композициясына келер болсақ, бұл - Қалдаяқовтың орындықта шығармашылық ой үстінде отырған сәті. Адамдар саябақта көп жүреді, сондықтан ескерткішті төмен тұрғырға қойдық. Халықтың суретке түсуіне, жақынырақ көруіне ыңғайлы болсын дедік. Ескерткішті жасау барысында Шәмші ағаның көзін көрген адамдардан мәлімет жинадық, деректі фильмдер көрдік. Шәмші Қалдаяқовтың ұлы бізге ақыл-кеңесін айтты, біз білмейтін көптеген қырын ашты", - деді Қанат Бегулиев.  https://kaz.tengrinews.kz/music/almatyida-shamsh-kaldayakovtyin-eskertksh-ashyildyi-302454/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1066352

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар