Baq.kz: Қазақстандықтардың қаржы аударымдары тексеріледі Қазақстанд

| просмотров: 6
Baq.kz: Қазақстандықтардың қаржы аударымдары тексеріледі

Baq.kz: Қазақстандықтардың қаржы аударымдары тексеріледі Қазақстандықтардың картасындағы қаржы аударымдары тексеріледі. Бұл туралы ҚР қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының кулуарында мәлімдеді. Электронды түрде жүргізілетін рәсімдерден табыс табатын болса салық алынуы тиіс. Егер жеке кәсіпкер болса жеке табыс салығы, егер заңды тұлға болса корпоративтік табыс салығы немесе қосымша құн салығы алынады, - деді ол. Оның сөзінше, төлемдердің барлығы бірдей тексеріле бермейді. Барлық төлемдер деп айтпаймыз. Егер баланс толтырып, жақындарыңызға көмектесетін болсаңыз ол жеке қаралады. Нақты белгіленген сома жоқ. Бұл барлық электронды транзакцияларға қатысты. Коммуналдық төлем төлесеңіз ол да тексеріледі. Осы қаржыны алатындардың салық есебіне мониторинг жүргізіледі. Егер тұрақты түрде әртүрлі тұлғадан ақша түсер болса табыс табады деген сөз. Егер әкеңізге ақша аударсаңыз мұның табыс емес екені түсінікті, - деді вице-министр. Шолпанқұлов барлық банкте жасалған транзакциялар тексерілетінін айтты. Бүгінде екінші деңгейлі банктердің барлығы төлемдерді өткізетін кезде төлем статусын жазуы керек. Қандай аударым, тауар ма, әлде демеушілік-қайырымдылық көмек пе? Барлық төлем белгіленуі тиіс, - деді қаржы бірінші вице-министрі. https://baq.kz/news/othernews/qazaqstan-qarzhy-audarymdary/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1065989

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар