Holanews.kz: Агенттік Бас прокуратураның Мәнізоровтан айыпты алып таст

| просмотров: 116
Holanews.kz: Агенттік Бас прокуратураның Мәнізоровтан айыпты

Holanews.kz: Агенттік Бас прокуратураның Мәнізоровтан айыпты алып тастауы туралы: "Біз келіспейміз" Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі жабу шешіміне наразылық танытты. Бұл туралы аталған агенттіктің 1-департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты. «Фактілерге сүйенуіміз керек. Біздің агенттікке екі азамат жүгінді. Олардың шағымдарын сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, тергеуді бастадық. Бұл бірінші факті. Екінші факті, қылмыстық істі тергеу барысында Бас прокуратура талап етті және қылмыс ізінің болмағаны үшін тоқтатты. Қазіргі уақытта біз бұл шешіммен келіспейтіндігімізді айтып, қарсылық білдірдік,- деді ол агенттіктің алқа мәжілісі аясында. Оның айтуынша, қазір бұл мәселе Бас прокурордың қарауында жатыр. Тергеудің құпиялығына байланысты Сүлейменов егжей-тегжейлі ақпарат бере алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Бағдат Мәнізоровқа қатысты тергеуді бастағандарды жазалау туралы Бас прокуратураның мәлімдемесіне түсініктеме берді. "Біздің мекенжайымызға ұсыныс келіп түсті, бұл ұсыныс басшылықтың қарауында болады. Ол қаншалықты негізді екені, кімнің тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны әлі шешілетін болады", - деп нақтылады Сүлейменов. Қазір Бағдат Мәнізоровта "күдікті" мәртебесі жоқ екенін де растады. https://holanews.kz/view/news/43521

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1060366

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар