Holanews.kz: Абай ауылында ұл баланың зорланғанын бірінші болып айтқан

| просмотров: 4
Holanews.kz: Абай ауылында ұл баланың зорланғанын бірінші бо

Holanews.kz: Абай ауылында ұл баланың зорланғанын бірінші болып айтқан журналист 2 жыл 3 айға сотталды 2018 жылы Абай ауылында ұл баланың сексуалдық жанжалға қатысты оқиға өткен жылы ең резонансты және талқыланған мәселелердің біріне айналған еді. Алайда көптеген шенеуніктер зорлық-зомбылық фактілері болған жоқ деп мәлімдеп, бұл кейін сотта теріске шығарылды және зорлаушылар жазаланған. Алайда бұл жолы "Сарыағаш инфо" газетінің редакторы, журналист Амангелді Батырбеков Қылмыстық кодекстің "жала жабу" және "қорлау" бабымен кінәлі деп танылып отыр. Соттың мәлеметінше, Батырбеков Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиевтің ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін қорлайтын сөздер жазған. Сот оның Facebook парақшасына жариялаған «Келестегі кеңкелестік» деген бес жазбасына арнайы сараптама жүргізіп, одан ар-намысқа тиетін сөздер тапқан. 23 қыркүйекте Сарыағаш аудандық соты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 8 қазанда шымкенттік белсенділер Батырбековқа қатысты "Достық" қонақүйінде баспасөз мәслихатын өткізді. Олар сотталған Батырбековты бостандыққа шығаруды сұрауды. Алайда сотталушының жұбайы Гүлзада Баймұратова күйеуі өзіне тағылған айыпты мойындамағанын, сотта бірде-бір дәлелі ескерілмегенін мәлімдеді. Амангелді Батырбеков өзінің үстінен сот басталғаны жайлы қыркүйектің бесіне Facebook парақшасына жазған болатын. Онда "Келес ауданы білім бөлімінің бастығы Бақтияр Абдиев "Facebook парақшасы арқылы жала жапты, ар-намысыма тиді" деп сотқа шағымданғанын айтқан еді. Амангелді Батырбеков 2015 жылы күзінде Қылмыстық кодекстің 130-бабының ("Жала жабу") 3-бөлігі бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейіннен Сайрам ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Сапаров Нұрсұлтан Назарбаевқа шағымданған соң іс қайта қаралып, ақталған. Кейін бір жыл алты айға бас бостандығы шектеліп, рақымшылық туралы заңға сәйкес 2017 жылы бостандыққа шықты.   https://holanews.kz/view/news/42901

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1049267

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар