Holanews.kz: Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алады Нұр-Сұлтанда

| просмотров: 7
Holanews.kz: Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алады
Нұр

Holanews.kz: Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алады Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиынында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Жусан» операциясы бойынша елге 406 бала қайтарылғанын, енді Ирактан 14 баланың қайтарылатынын жеткізді. «2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі де оңалту шараларынан өтіп, қазақстандық қоғамға бейімделді. Қазіргі уақытта Ирактан 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың аналары сол жақта өмір бойы бас бостандығынан айырылған», - деді министр. Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан мұндай гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. «Жусан» гуманитарлық операциясы - ауқымды акция. 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сириядан қазақстандықтардың алғашқы легі биылғы 6 қаңтарда елге жеткізілген болатын. 7-9 мамыр күндері аталмыш елден Қазақстанның тағы 231 азаматы оралды. https://holanews.kz/view/news/42853

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1049132

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар