Holanews.kz: Табысқа қарамастан көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрд

| просмотров: 7
Holanews.kz: Табысқа қарамастан көпбалалы отбасыларға мемлек

Holanews.kz: Табысқа қарамастан көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыт - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. «Осыған байланысты АӘК алу үшін көпбалалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42,500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады», - деді Б.Нұрымбетов. Нұрымбетовтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы көпбалалы отбасылардан шыққан.  Мемлекеттік АӘК туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. Оған сәйкес мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.  Министр атаулы әлеуметтік көмек төлеудің негізгі тетіктерін атады. Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. «Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін»,-деді министр. Екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады. Үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Төртіншіден, учаскелік комиссиялар жұмысы күшейтілетіндігін айтты. https://holanews.kz/view/news/42785

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1048774

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар