Baq.kz: Тоқаевтың Қытайға сапары басталды Қазақстан Президенті Қасым-

| просмотров: 10
Baq.kz: Тоқаевтың Қытайға сапары басталды
Қазақстан Президе

Baq.kz: Тоқаевтың Қытайға сапары басталды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. "Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді" - деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапары аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған. https://baq.kz/news/othernews/toqaev-qytay-sapar/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1040909

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар