Stan.kz: Қостанайда балабақшадан 5 жасар бала ұрланды Қостанайда мас

| просмотров: 11
Stan.kz: Қостанайда балабақшадан 5 жасар бала ұрланды
Қоста

Stan.kz: Қостанайда балабақшадан 5 жасар бала ұрланды Қостанайда мас ер адам балабақшадан баланы ұрлап әкеткен. Абырой болғанда, полицейлер баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Полиция мәліметінше, 10 қыркүйекте күндіз 102 пультіне облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан қоңырау түскен. Ол бұрынғы күйеуінің 5 жасар баласын балабақшадан алып, ұрлап кеткенін айтқан.  Анасының айтуынша, ер адам мас болған. Ол баланы белгісіз бағытта алып кетіпті. Ер адамның ұялы телефоны жауап бермеген.  «Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанды. Полиция іздестіру шараларының барысында ер адамның қайда екенін анықтап, оның қаладағы аудандардың біріндегі дүкеннің маңынан тұтқындады», - дейді полиция департаментіндегілер. Қазіргі уақытта ер адам медициналық айықтырғышқа орналастырылған. Оған қатысты «Адам ұрлау» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.  Бала анасына қайтарылды. https://stan.kz/kostanayda-balabakshadan-5-zhasar-bala-yrlandi-321752/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1040907

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар