Stan.kz: 44 жастағы Анджелина Джоли жетінші рет ана атанбақ Голливуд

| просмотров: 11
Stan.kz: 44 жастағы Анджелина Джоли жетінші рет ана атанбақ

Stan.kz: 44 жастағы Анджелина Джоли жетінші рет ана атанбақ Голливуд актрисасы Анджелина Джоли 18 жастағы ұлы Мэддокстың шетелге кетуінен кейін жетінші мәрте ана атану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Radar Online басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  Қауесетке сәйкес, көпбалалы ана Брэд Питтпен ажырасқаннан кейін созылмалы күйзеліске түскен. Артынша жеке өмірін реттеуді ұйғарған еді. Алайда тұңғышы, сүйікті мұрагері Мэддокс Кореяға оқуға кеткеннен кейін, актриса жабырқап қалған. Осыдан кейін ол жан жарасын өзге жолмен емдеуге бел буыпты. «Ол жан-дүниесі босап қалғаннан кейін, орнын кездесулермен толтырмақ болған еді. Алайда басқа жолды таңдапты. Анджелина тағы бір бала асырап алмақ. Ол Таяу Шығыс елдерінен бала іздеп жүр», - дейді инсайдер.  Әзірге Джолидің өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.  Анджелина Джолидің үлкен ұлынан бөлек, тағы 5 баласы бар: асырап алған ұлы мен қызы, сонымен қатар Брэд Питтен туған 3 баласы. https://stan.kz/bak-44-zhastagi-andzhelina-dzholi-zhetinshi-ret-ana-atanbak-321753/

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1040904

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар