Holanews.kz: Нұр-Сұлтанда бір топ адам несие кешірілгендердің тізімінд

| просмотров: 12
Holanews.kz: Нұр-Сұлтанда бір топ адам несие кешірілгендерді

Holanews.kz: Нұр-Сұлтанда бір топ адам несие кешірілгендердің тізімінде неге жоқ екенін сұрап министрлікке келді Нұр-Сұлтанда Еңбек министрлігінің ғимаратына бір топ адам өз наразылылықтарын білдіріп келді, деп хабарлайды Азаттық. Олар неге несиесі кешірілген қазақстандықтардың тізімінде жоқ екенін білгісі келеді. Жиналғандардың арасында зейнеткерлер мен көп балалы аналар бар. Кейбіреулері Қазақстанның әр аймағынан келген. "Мен екінші топтағы мүгедекпін, бірақ мен бұл тізімге енбеймін. Бұл санаттағы мүгедектер тізімге енбейді дейді олар", - деді Жанна Есқалиева. "Менде екі несие, бес балам бар. Бірақ мен бұл тізімде жоқпын. Егер әрбір анаға Атаулы әлеуметтік көмек берсе, ешкім несие алмайтын еді", - деді көпбалалы ана. Министрлікке келген адамдартың сұрауларына байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді. «Иә бәрі түсінікті. Қабылданған тізім бойынша министрлік 2 миллион 289 мың азаматтың ақпаратын ұлттық банктерге жіберді. Соның ішінде 507 мың адамның борышын өтеу туралы шешім қабылданды. Келіп тұрған аналардың көбінде коллекторлық компанияларға өтіп кеткен несиелер. Ал егер көп балалы отбасындағы анасы тізімде бар, әкесі жоқ болса онда Әділет министрлігіне неке туралы куәлікпен барып тізімге енгізуі керек»,-деді вице-министр. https://holanews.kz/view/news/41809

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1040658

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар