Holanews.kz: Үш жасар баланы ұрлап, өлтірді деген күдіктіге республика

| просмотров: 8
Holanews.kz: Үш жасар баланы ұрлап, өлтірді деген күдіктіге

Holanews.kz: Үш жасар баланы ұрлап, өлтірді деген күдіктіге республикалық іздеу жарияланды Бүгін, 8 қыркүйекте Қарағандыда үш жасар баланың ұрлануы мен өліміне байланысты өткен шұғыл брифингте облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин қылмысты жасады деген күдіктіге республикалық іздеу жарияланатынын мәлімдеді. "Сопыжанов Игентай Кәрімұлы, 1996 жылы туған, республикалық іздеудегі қылмыскерлер тізіміне енгізілді",- деді департамент бастығы. Сопыжанов баланы ұрлау және өлтіру ісі бойынша күдікке ілінген. "Біз бүлдіршінді Бұрма ауылынан ғана емес, көршілес Дарья ауылынан да іздедік.Сәбиді іздеуге 600-ден астам адам қатысты. Оның ішінде: полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен кинологтар, тұрғындар, еріктілер бар. Сонымен қатар, квадрокоптер пайдаланылды», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы. Облыстық полиция бастығының сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары барлық посттарда күдіктіні іздеу үшін көліктерді тексереді. «Бағдарлар барлық облыстарға таратылды - станцияларға және такси жүргізушілеріне», - деді Ерлан Файзуллин. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен, 17.11.1996 жылы туған Сопыжанов Игентай Кәрімұлы іздестірілуде. «Белгілері: бойы 175-180 см, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа. Ол үстіне ашық түсті капюшонымен қоңыр күрте, қара көк джинсы, аяғына қара "берцы" киген.Мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 (7212) 42 90 25, 42 91 90, 8 701 503 88 87, 8 701 750 37 52", - делінген полиция хабарламасында. Бүгін Қарағанды облысында осыдан бірнеше күн бұрын анасының қолынан ұрланған үш жасар сәбидің денесі ауылға жақын маңдағы орманнан табылған болатын. 5 қыркүйек күні ер адам дүкеннің жанында тұрған 22 жастағы танысының баласын қолынан жұлып алып кеткен. https://holanews.kz/view/news/41792

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public75031742?w=wall-75031742_1040434

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар