Мақпал Жүнісова өнерде жолын кескен әнші туралы бар шындықты жайып сал

| просмотров: 316
Мақпал Жүнісова өнерде жолын кескен әнші туралы бар шындықты

Мақпал Жүнісова өнерде жолын кескен әнші туралы бар шындықты жайып салды. Қазақтың ерке қызы эксклюзивті сұхбат беріп, өнерде өзінің жолын кескен азамат туралы айтып берді. «Ертеректе «С песней по жизни» деген керемет байқау болды. Аталған конкурстың финалы Мәскеуде өтетін. Шешуші сынға жолдама алу үшін аймақтық жарыста топ жару керек. Байқаудың Алматыдағы іріктеу кезеңінде марқұм Валентина Толкунова, Ермек Серкебаевтар қазылық етіп, маған бірінші орын берді. Мен жеңімпаз ретінде Мәскеудегі финалға қатысуым керек еді. Алайда, екі ай қалғанда менің орныма іріктеу кезеңіне мүлде қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев есімді азаматтың аттанатыны белгілі болды. Ол таныстары арқылы финалға кетіп, мен сырт қалдым», — деді Жүнісова.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public74519343?w=wall-74519343_419686

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар