🌭 Қырыққабат котлеті ✅ Қажетті заттар: 🔹 1 дана капуста 🔹 1 ас

| просмотров: 24
🌭 Қырыққабат котлеті 
 
✅ Қажетті заттар: 
 
🔹 1 дана капуст

🌭 Қырыққабат котлеті ✅ Қажетті заттар: 🔹 1 дана капуста 🔹 1 ас қасық сары май немесе маргарин 🔹 0,5 стакан сүт 🔹 еттің сорпасы немесе су 🔹 4 ас қасық ұнтақ жармасы 🔹 1 жұмыртқа 🔹 пісте май 🔹 тұз. ✅ Дайындау әдісі: Жуып, тазаланған қырыққабаттың ортасындағы өзегін алып тастап, ұсақтап тураңыз да табаға салып бұқтырыңыз. Үстіне май және аздап еттің сорпасы, су немесе піскен сүт құйыңыз. Анда-санда араластырып тұруды да ұмытпағайсыз. Дайын болған капустаға жайлап ұнтақ жармасын себе отырып, әбден араластырыңыз. Ұнтақ жармасы толық піскенше (бөрткенше) баяу жанған отта 10-15 минут қайнатады. Содан кейін сәл ғана суытып, шикі жұмыртқа, тұз салып араластырып, қамырша илеңіз. Дайын болған қоспадан котлет жасаңыз да, кептірілген нан ұнтағына аунатыңыз. Табада қыздырылған майға екі жағын аударыстыра отырып қуырып алыңыз. Котлетті қаймақ немесе сүт соуcымен қосып жесеңіз дәмі тіл үйіреді. Сондай-ақ, оған ұсақтап туралып, майға сәл ғана бұқтырылған алма да қосуға болады

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_84892

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар