Маковец орамасы Маковец орамасының құрамы: Қамыры: Ұн - 2-2,5 ста

| просмотров: 8
Маковец орамасы 
 
Маковец орамасының құрамы: 
Қамыры: 
Ұн -

Маковец орамасы Маковец орамасының құрамы: Қамыры: Ұн - 2-2,5 стақан Сүт - 100 мл. Қант - 4 ас қасық Ашытқы (құрғақ) - 1 ас қасық Сары май - 80 гр. Жұмыртқаның сарысы - 4 дана Өсімдік майы - 1 ас қасық Тұз, ванилин Салмасы: Көкнар - 1 стақан Қант - 1/3 стақан Бал - 1,5 ас қасық бал Сары май - 1 ас қасық Даршын - 1/2 шай қасық Мейіз және жаңғақтар - 1/2 стақан Жұмыртқаның ағы - 4 дана Жарты лимонның үгітілген қабығы Сыламасы: Лимон шырыны - 1 ас қасық Қант ұнтағы - 2 ас қасық (толтырып) Көкнар орамасының дайындалу тәсілі: Алдымен қамырын дайындаймыз. Ол үшін жылы сүтке қант пен тұзды ерігенше араластырып, ашытқы салып, 5-10 минутқа, біраз көтерілгенше қоямыз. Ұнды елеп, алдымен 2 стақан ұнға көтерілген ашытқыны, және жұмыртқаның сарысын саламыз. Біркелкі араласқаннан кейін еріген сары май, өсімдік майы ванилинді қосамыз. Қамырымыз сұйықтау болса, біркелкі қамыр болып біріккенше біраз ұн саламыз. Бетін жауып жылы жерге қоямыз. Қамыр көтерілгенше салмасын дайындаймыз. Көкнарға жаңа қайнаған ыстық су құйып, бетін жауып, бұқтырып қоямыз. Лимонның үгітілген қабығын және мейіз бен жаңғақтарды дайындаймыз. Жаңғақтарды үгітеміз: блендермен немесе пышақпен. қатты ұсатудың қажеті жоқ. Суда тұрған көкнар біраз бөрту керек. Суын сүзіп алғаннан кейін, блендермен ұсақтап немесе еттартқыштың ұсақ торымен екі рет өткізіп алу керек. Көкнар дайын болғанда жаңғақтарды, мейізді, лимон цедрасын, бал мен еріген сары майды салып, жақсылап араластырамыз. Басқа ыдыста 4 жұмыртқаның ағын қантпен жақсылап араластырамыз. Аппақ, тығыз көпіршік болғанша. Жұмыртқаны көкнарға біртіндеп қосып, ақырындап араластырамыз. Салмасын тым ерте дайындап қоймаңыз, қамыр көтерілгенше жұмыртқаның ағы отырып қалуы мүмкін. Қамыр көлемі шамамен екі есе өскенде, қамырды екі бөлікке бөлеміз. Қамырдың бір бөлігін төртбұрыштап жаямыз. Ені ұзындығынан екі есе қысқа болу керек. Қалыңдығы - 0,5 см болу керек. Қатты жұқа болса, пісу барысында қамыр тесіліп кетеді немесе қалың болса, салмасы аз, іші тек қамыр болып қалады. Қамырдың үстіне салманың жартысын саламыз. Шеттерінен 3-4 см-ден қалтырамыз. Қатты қыспай, ақырындап ораймыз, әйтпесе салмасы сыртқа қарай жылжып кетеді. Соңғы оралған жерін және екі шеттірн астына қарай бүктеп пергамент қағазының үстіне қоямыз. Пергаментке орап, пешке 180°С-та 30 минутқа қоямыз. Пергаментті де қатты тығыз орамаңыз, өйткені қамыр әлі көтеріледі. Бостау орау керек. Жарты сағат өткеннен кейін, пештен бірден шығарып, қағазын ашып, суытып қоямыз. Орама суығанша, сыламасын жасаймыз. Лимон шырыны мен қант ұнтағын араластырамыз. Сылама қоймалжың болу керек. Орама суығаннан кейін сыртына жағамыз, біраз кепкенше күтеміз. Осымен маковец орамамыз дайын!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_82582

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар