✅Швед котлеттері Бұны дайындау оп-оңай. — Тартылған сиыр еті – 1 к

| просмотров: 5
✅Швед котлеттері 
 
Бұны дайындау оп-оңай. 
— Тартылған сиыр

✅Швед котлеттері Бұны дайындау оп-оңай. — Тартылған сиыр еті – 1 кг — Тәтті бұрыш – 3 — Пияз – орташа 2-3 — Сарымсақ – 4-5 бөлігі — Сүт – шамамен 150 мл — Панировкаға арналған нан ұнтағы (сухари) – 1 орташа кесені толтырмай алғанда — 3 жұмыртқа ✅Алдымен панировочный нан ұнтағын жылы сүтке салып қойыңыз. Орнына сорпаға немесе салатқа арналған қытырлақтарды да пайдалануға болады, бірақ олар толық езілмей, құрғақ түйіршіктер қалып қойса, фарш бірікпей қалады. Ұсақтап туралған сарымсақ, пияз және бұрышты табаға аздап май құйып, қуырып алыңыз да, суыған соң, блэндерден немесе мясорубкадан өткізіңіз. Енді жұмсарған нанды, тартылған көкөністерді, жұмыртқаларды етке қосып, дәміне қарай, тұз, бұрыш сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған фарштан котлет жасап, майға қуырыңыз. Фарштан котлет қалыптастыру кезінде қиналуыңыз мүмкін. Себебі фарш көкөністер мен жұмыртқаның «кесірінен»өте жұмсақ болып, езіліп тұрады. Сондықтан ұнға немесе сол әлгі панировочный сухарьға аунатып алу керек.Соңынан оларды қазанға салып, түбіне аздап су құйып, бес минут бұқтырып алыңыз. Соус ретінде кілегейді пайдылынуға болады. Немесе помидорды еттартқыштан өткізіп, туралған укропты араластырсаңыз да дәмді соус болады.Ас болсын!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_82468

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар