✅ ӨТЕ ДƏМДІ ПАЛАУ ✅ ✅ Құрамы: 🔸 Ет – 700 г 🔸 Күріш — 1 кг 🔸 Пи

| просмотров: 12
✅ ӨТЕ ДƏМДІ ПАЛАУ ✅ 
 
✅ Құрамы: 
 
🔸 Ет – 700 г 
🔸 Күріш —

✅ ӨТЕ ДƏМДІ ПАЛАУ ✅ ✅ Құрамы: 🔸 Ет – 700 г 🔸 Күріш — 1 кг 🔸 Пияз — 0.5 кг (5-6 үлкен пияз) 🔸 Сәбіз — 1 кг 🔸 Күнбағыс майы 🔸 Дәмдеуіштер — 50 гр (зира немесе палауға арналған дәмдеуіш) ✅ Дайындау жолы: ✅ 1. Палауды дайындардан алдын қазанды жақсылап жуып аламыз.Содан соң қазанды қатты отқа қоямыз. Қазанды отқа 5-7 минутқа қалдырып, одан соң май қүямыз. Қазанды отта аздап түтін шыққанға дейін қалдырамыз, әдетте ол 8-10 минутқа дейін созылады.Ал осы уақытта пиязды жартылай сақинаша кесіп дайындаймыз. ✅ 2. Қазанға пиязды салған сәттен бастап, оны араластыра бастаймыз. Ескерту: Қазанның қақпағын жабуға болмайды.Қазанның қақпағы күріш салынған соң ғана жабылуы тиіс. 7-10 минуттан соң пияз сарғая бастайды. Дәмді палау тек пиязды жақсылап қуырсаңыз ғана шығады. Қуырылған пияз палаудың дәмі мен түсіне үлкен септігін тигізеді. ✅ 3. Пияз қуырылып жатқанда етті кубик формасына ұқсатып кішкене бөліктермен кесеміз. Пияз қалай қуырылып болған сәтте қазанға етті саламыз.Қазанды арластырып, еттің түсі қарауыта бастағанға дейін қатты отта ұстаймыз. Еттің қуырылу уақыты 15 минуттар аралығында болуы керек.Қазанды 1 минут сайын араластырып тұруды ұмытпаймыз. Сәбізді алдын ала тазалап ұзын бөлік етіп кесеміз. Ет куырылған соң қазанға сәбізді саламыз. Қазандағы тағамды 15-20 минут қуырамыз, бірақ араластырып тұруды ұмытпаймыз. ✅ 4. Содан соң қазанға қайнаған суды құямыз. Су қазандағы тағамды толығымен жауып тұру қажет, бірақ сол уакытта қазандағы тағамнан асып кетпеуі керек. Нәтижесінде қазанда зируақ деп аталатын тағам шығады. Қазандағы отты барынша азайтып қоямыз. 1 шай қасық тұз және қалауымызша дәмдеуіштер себеміз. ✅ 5. Енді қазандағы зирвақтың дәмін көреміз. Жағымды тұзды дәм пайда болу керек.Зирвақтың тұзды дәміне қорқудың қажеті жоқ, тұзды дәм күрішті пісіргенде азайып кетеді. Күрішті пісіргенге суды қайнату керек. Күрішті тазалап жуамыз. Кейін жылы су құйып сол суда 15 минут қалдырамыз. Қазанның астындағы отты барынша көбейтеміз. Зируақтын үстінен күрішті саламыз, кәкпірмен күріштің бетін тегістейміз. Содан соң қазанға қайнаған су құйылады. Су күріштен небәрі 1,5 см ғана асып тұруы қажет. Қазанның астындағы оттың мөлшерін ауыстырмай, су күріштің мөлшерінен азайғанға дейін ұстаймыз. Бірақ отта ұзақ ұстап қоймаңыз. Ескерту: Қазандағы тағамды қозғауға болмайды. ✅ 6. Қазандағы күріштің дәмін көреміз, күрішіміз жартылай пісуі керек. Егер күріш қатты және жартылай піспеген болса, қазанға тағы қайнаған су құю қажет.Қайнаған суды абайлап құю қажет, өйткені күріштің формасын бұзуы мүмкін. Енді палауды дайындауды ең манызды және жауапкершілігі жоғары сәт түсті.Күріш тек жартылай пісуі қажет,өйткені ол қақпағы жабылған қазанда тағы 15-20 минут пісуі керек.Егер осы уақытқа дейін күріш піскен болса, онда алдыңғы уақытта сіз күрішті қатты пісіріп жіберіп, палаудың дәмін әбден бұзуыңыз мүмкін. ✅ 7. Енді қазанның астындағы отты барынша төмендетеміз. Қазандағы күрішті кәкпірдің көмегімен қазанның ортасына жинаймыз.Қазанның ортасына жиналған күріштің бірнеше жерінен тесеміз. Сосын қазанның қақпағын жауып қоямыз. ✅ 8. Палауды 10-15 минут барынша азайтылған отта ұстаймыз. Қазанның қақпағын ашып тек күрішті ғана араластырамыз (тек күрішті). 10 минут отта ұстаймыз. Сосын отты өшіреміз. Дайын болған күрішті кәкпірмен араластырамыз.Күрішті, сәбізді, етті бәрін біркелкі араластырамыз. Егер сіз осы жоғарыда жазылған кеңестердің бәрін дұрыс орындасаңыз, онда сіз піскен және дәмде күріш аласыз. Бұл дұрыс дайындалған палау. Егер сіз дұрыс орындамаған болсаңыз — күріш шикі немесе қатты пісіп кеткен болады. Дайын болған палауды легенге салып, отбасыны дастархан басына шақыруға болады 😋

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_81816

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар