Жұмыртқа және көк пияз салмасы мен қуырылған картоп езбесі Құрамы:

| просмотров: 7
Жұмыртқа және көк пияз салмасы мен қуырылған картоп езбесі

Жұмыртқа және көк пияз салмасы мен қуырылған картоп езбесі Құрамы: Картоп — 5-6 дана Жұмыртқа — 1 дана Ұн — 3-4 асқасық Тұз Салмасына: Жұмыртқа — 3 дана Көк пияз — 5-6 тал Тұз Сыртына — үгітілген қатқан нан Алдымен картоптарымызды тұзды суға салып, қайнатып, пісіріп аламыз.Піскен соң, ыстық күйінде езіп, Салқындағанша күтеміз. Оған дейін, қайнатылған жұмыртқаларымызды ұсақтап кесіп, көк пиязды да дәл солай турап, тұз салып, араластырамыз. Езілген картопқа жұмыртқа салып, араластырамыз. ұн салып, араластырып, осылай бөліктерге бөліп шығамыз. Оқтаумен жайып, үстіне салмасын салып,картоп езбесін жабамыз да,қатқан нан ұнтақтарын базардан немесе супермакеттерден сатып алуға болады. Бір тәрелкеге сеуіп,екі жағын аунатып аламыз. Негізі сары майға пісірген дұрыс болады. Менде сары май болмаған соң, сұйық майға пісірдім. Екі жағын қуырып аламыз. АС БОЛСЫН!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_80976

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар