Жаркое Жаркое – еттен әзірленген тағам. Оны қуырылған ет десек те б

| просмотров: 14
Жаркое 
 
Жаркое – еттен әзірленген тағам. Оны қуырылған ет

Жаркое Жаркое – еттен әзірленген тағам. Оны қуырылған ет десек те болады. Заманауи асханаларда жаркое деп венгерлік гуляшқа ұқсайтын – ет пен картоп және өзге көкөністер қосылып, бұқтырылып пісірілген тағамды айтады. Ол сорпасымен бірге, гарнирсіз ұсынылады. Қажет азық-түліктер тізімі: - 500 г ет; - 500 г картоп; - 300 г сәбіз; - 3 болгар бұрышы; - 1 бас пияз; - томат пастасы; - аскөк. 1. Етті жақсылап жуып, тураймыз. 2. Суға салып қайнатамыз. 3. Көкөністерді қабығынан тазартып, жуамыз. 4. Пиязды тураймыз. 5. Табаға салып қуырамыз. 6. Болгар бұрышын тураймыз. 7. Табаға салып қуырамыз. 8. Сәбізді дөңгелектеп тураймыз. 9. Оны да табаға салып қуырамыз. Артынша тұз сеуіп, араластырамыз. 10. Томат пастасын қосамыз. 11. Барлығын жақсылап араластырып, қуырамыз. 12. Көкөністер қуырылған соң, қазанда қайнап жатқан еттің үстіне саламыз. 13. Картопты үлкенірек етіп тураймыз. 14. Қазанға салып, қақпағын жауып, картобы піскенше қайнатамыз. 15. Осымен жаркоемыз дайын. 16. Қалауымызша аскөк қосуымызға болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_80773

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар