Сірне Ең дәмді ұлттық тағамдардың бірі - Сірне. Қойдың еті май, сус

| просмотров: 28
Сірне 
 
Ең дәмді ұлттық тағамдардың бірі - Сірне. Қойдың ет

Сірне Ең дәмді ұлттық тағамдардың бірі - Сірне. Қойдың еті май, сусыз өз сөліне бұқтырылып піседі. Етке қоса қойдың басын да салып жатады, мен осы жолы қазымен бірге пісірдім. Көбіне бұл тағамды табиғат аясында қазанда ашық оттың үстіне немесе қазанды жерге көміп, үстінен от жағып пісіреді. Бірақ уй жағдайында жасалған сірне еш кем түспейді. Құрамы: •Қойдың еті - 2 кг, •Қазы - 1 кг, •Пияз - 2 дана, •Сәбіз - 1 дана, •Тәтті бұрыш - 1 дана, •Картоп - 1 кг, •Тұз, бұрыш, •Көк пияз. Сірненің жасалу жолы: Қазанның ең астына қой етінің майлы жерін, майын төмен қаратып салып шығамыз. Үстінен қазыны қоямыз. Қазыны шимен тескілеуді үмытпаймыз. Тұз, бұрыш себеміз. Астына май құюдың қажеті жоқ. Еттің үстінен туралған пияз, сәбіз, тәтті бұрышты саламыз. Тағы тұздаймыз. Ең үстінен картопты салып, тұз сеуіп, орташа отқа қоямыз. Су құймаймыз. Қазан қызғаннан кейін баяу отқа ауыстырамыз да, қақпағын ашпай, араластырмай 2,5-3- сағат пісіреміз. Дастарханға ұсынар алдында дайын сірнеге көк пияз себеміз. Осымен сірнеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public72761075?w=wall-72761075_80650

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар