✅ Саңырауқұлақ жəне балықпен голубцы ✅ ✅ Қоспалары: 1. саңырауқұ

| просмотров: 27
✅ Саңырауқұлақ жəне балықпен голубцы ✅ 
 
✅ Қоспалары: 
 
1.

✅ Саңырауқұлақ жəне балықпен голубцы ✅ ✅ Қоспалары: 1. саңырауқұлақ — 300 гр. 2. лосось балығы — 250 гр. 3. құрғақ ақ шарап — 1/2 стакан 4. күріш — 1/2 стакан 5. көк пияз — 10 тал 6. капуста — 10-12 жапырақ 7. петрушка — 1 бау 8. сары май — 30 гр. 9. ұн — 30 гр. 10. сүт — 200 мл. 11. өсімдік майы — 50 гр. 12. табиғи йогурт — 200 гр. 13. лимон — 1/2 шт. 14. тұз — қалауыңызша 15. ақ ұнтақталған бұрыш — қалауыңызша ✅ Дайындалуы: Ыстық табаға шарап құйыңыз, 3-4 минут қайнатыңыз. Қайнап жатқан шарапқа балық салыңыз (балғын лосось немесе консервіленген лосось), аздап тұз себіңіз, балықты арасында аударып тұрыңыз. Балықты табадан алыңыз. Шанышқының көмегімен бірнеше бөлікке бөліңіз. Қалған шарапты ыдысқа құйып алыңыз. Балғын саңырауқұлақтарды салқын су құйылған ыдысқа салыңыз. Жуып болған соң судан алыңыз. Саңырауқұлақтарды кішігірім бөлшектерге бөліңіз. Көк пиязды тазалап, бөлшектеп тураңыз. Табаға 30 гр сары май салып ерітіңіз, саңырауқұлақ жəне көк пияз қосыңыз. Бəрін орташа отта қуырыңыз, саңырауқұлақтар су бөлуін тоқтатқанша араластырып тұрыңыз. Оның үстіне ұн себіңіз, тағы 2 мин қуырыңыз. Ыдыстағы шарап пен сүтті араластырып тұрып қосыңыз. Сорпасын қайнатыңыз, соус қоюланғанша. Сосын суытыңыз. Капустаның жапырақтарын тұзды суға қайнатып жартылай дайындаңыз. Күрішті пісіріңіз. Балықты, саңырауқұлақ соусын, күрішті, туралған петрушканы араластырыңыз. Қалауыңызша тұз жəне бұрыш қосыңыз. Капуста жапырақтарына фарш салып, конверт қылып ораңыз. Голубцыларды өсімдік майында қуырыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public69995411?w=wall-69995411_458627

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар