Сиыр етінен гуляш ҚҰРАМЫ: Сиыр еті — 400-500 гр Жуа— 1 дана Сәбі

| просмотров: 50
Сиыр етінен гуляш 
 
ҚҰРАМЫ: 
Сиыр еті — 400-500 гр 
Жуа— 1

Сиыр етінен гуляш ҚҰРАМЫ: Сиыр еті — 400-500 гр Жуа— 1 дана Сәбіз — 1 дана Сарымсақ — 2-3 түйір Ақжелкен (петрушка) Тұз Қара бұрыш СОУСЫНА: Су — 1 стақан Томат пастасы — 1 асқасық Ұн — 1 асқасық Қаймақ — 1 асқасық 1. Етімізді жұқалап турап, қызған майға қуырып, тұзын салып, ет қуырылып, асты жабыса бастағанда 0,5 стақандай су құйып, қайнағаннан кейін отты басып, баяу отта ет жұмсарғанша пісіреміз. Ет жұмсарып, суы тартылғаннан кейін пиязын, үккіштен өткізілген сәбізін және сарымсағын салып қуырамыз, 2. Сәбіз бен пияз қуырылып, пісіп қалғаннан кейін, тұзын бұрышын салып, соусын дайындаймыз. Ол үшін, 1стақан салқын суға томат пастасын, қаймақ және ұн салып, араластырып, піскен етпен сәбіз пиязға құйып жібереміз де, бірден араластырып жібереміз. Тағамымыз қоюлана бастағанда ұсақтап туралған ақжелкен саламыз. Гарнирге күріш немесе спагетти берген дұрыс болады. Тым қою болса, өзіңізге ыңғайлап, тағы да су құйып, сұйықтау қылсаңыз да болады. 3. Ақжелкенді салысымен отты өшіріп, ұсына берсеңіз болады.

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public69995411?w=wall-69995411_457389

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар