🎂 Анар және киви қосылған бисквитті торт 🎂 БИСКВИТ ҮШІН: ✖ Жұмыр

| просмотров: 52
🎂 Анар және киви қосылған бисквитті торт 🎂 
 
БИСКВИТ ҮШІН:

🎂 Анар және киви қосылған бисквитті торт 🎂 БИСКВИТ ҮШІН: ✖ Жұмыртқа — 5 дана ✖ Кумшекер — 1 стақан ✖ Ұн — 1,5 стақан ✖ Ванилин — 1 пакет ✖ Разрыхлитель — 1 пакет КРЕМІНЕ: ✖ Cүт — 0,5 литр ✖ Ұн — 1 асқасық ✖ крахмал — 1,5 асқасық ✖ қант — 3-4 асқасық АРАСЫНА: ✖ Киви — 3 дана ҮСТІНЕ: ✖ Анар — 2 дана Дайындау жолы: 🍒 Алдымен 5 жұмыртқамыздың ақуызын сарыуыздан бөліп алып, құрғақ ыдысқа салып, миксермен араластырамыз, ақуызымыз көпіре бастағанда қантымызды саламыз = шамамен 5 минут араластырамыз, ыдысымызды төңкергенімізде ыдысқа жабысып туруы қажет. 🍒 Енді сарыуызымызды қасықпен араластрып, ақуызымызға саламыз = ағаш қасықпен төменнен жоғары қарай абайлап араластырамыз. Ұнымызды разрыхлительді ванилинді ситодан өткізіп, жұмыртқаларымыздың үстіне салып,оны да ағаш қасықпен төменнен жоғары қарай абайлап араластырамыз, формаға салып, 180 дәрежеде 30-35 минут пісіреміз. 🍒 Кремін дайындаймыз сүт ұн крахмал қант =отқа қойып үнемі араластырып тұрамыз,қоюланғаннан кейін, тағы да 2 минут оттың астын басып қайнатамыз 🍒 Бисквитімізді 2-ге бөліп, арасына кремнің жартсын құйып, кивилерімізді тізіп қоямыз. Үстін бисквиттің екінші бөлігімен жауып, қалған кремімізді төгіп, жан — жақтарына да жеткіземіз. Үмтін тазаланған анарлармен әсемдейміз ☝ АС БОЛСЫН! ☝

Ұқсас жаңалықтар

    Жаңалық Вконтакте, сайтынан алынды: public69995411?w=wall-69995411_456154

    Email FacebookTwitterVKWhatsApp

    Kaznews.kz

    Kaznews.kz

    Қызық жаңалықтар

    Қызық жаңалықтар